» » «ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ


25 маусым күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қызылорда қаласындағы «Сыр сүлейлері» аллеясында «Таза қала – ортақ жауапкершілік» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары және белсенді жастар қатысып, аллея аумағын қоқыстан тазарту, жасыл желектердің маңын ретке келтіру, сондай-ақ аллея бойында орналасқан ескерткіштер мен мүсіндерді сүртіп, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді.
Шараның арнайы қонағы әрі спикері – үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов болды. Кездесу барысында ақын жастармен еркін пікір алмасып, «Сыр сүлейлері» аллеясының ашылу тарихы мен оның рухани-мәдени маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол Сыр өңірінен шыққан жыраулар мен шайырлардың қазақ әдебиеті мен өнеріндегі орны туралы айтып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тарихи-мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтауға шақырды.
Акция аясында қатысушылар экологиялық мәдениеттің маңызы туралы пікір алмасып, қоғамда тазалық пен тәртіпті сақтаудың ортақ міндет екендігін көрсетті. Жастар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысып, туған қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамда табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады
25 маусым 2026 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930