Құрылтай
» » НӘТИЖЕГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

НӘТИЖЕГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

Апта басында «Руханият орталығында» аудан әкімінің тапсырмасымен алғаш рет аудан әкімдігі баспасөз қызметі алаңында екі бірдей салалық ведомствоның, атап айтқанда, аудандық полиция бөлімі және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшыларының БАҚ өкілдерімен брифингі өткізілді. Оны аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров жүргізді. Брифингке алдымен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оспан Ешжанов келді.
Ол «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында атқарылған профилактикалық шаралар мен қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстарды атап өтті. Былтырмен салыстырғанда есеп-нысанға сәйкес қылмыстардың ашылу көрсеткіші біршама жақсарған. Сондай-ақ «Жедел басқару орталығының» бейнекамераларының көмегімен әкімшілік құқықбұзушылықтарды болдырмау және анықтауда атқарылған жұмыстарда оң нәтиже бар екені баяндалды.
Қылмыстық ахуал бойынша жалпы тіркелген қылмыстар саны 33, былтырғы жылы 40 болған. Өткен жылы аса ауыр санатындағы қылмыстарға жол берілмесе, ағымдағы жылы 1 аса ауыр қылмыс тіркеліп, ашылған. Ауыр санаттағы қылмыстар 9-дан 10-ға өсім алып, ашылу көрсеткіші 80 пайыз болса, былтыр бұл көрсеткіш 83,3 пайызды көрсеткен. Яғни, ауыр санаттағы қылмыстардың орын алуы төмендеген.
Орташа және онша ауыр емес санаттағы қылмыстардың ашылуы 70,4 пайыздан 100,0 пайызға жоғарылаған. Тіркелуі 33,3 пайызға төмендеген. Ұрлық қылмыстарының тіркелуі 3-тен 4-ке өсім алып, ашылуы 100,0 пайызды құрап отыр. Профилактикалық жұмыстар жүргізудің нәтижесінде кісі өлімі, мал ұрлығы, қарақшылық, қорқытып алу қылмыстарына жол берілмеген.
– Алаяқтық қылмыстарының 7 (2025 жылы – 10), интернет алаяқтықтың 4 (2025 жылы – 9) дерегі тіркеліп, толығымен ашылды. Сонымен бірге бөлімнің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерімен өткен жылдары орын алған қылмыстарға талдау жүргізіліп, нәтижесінде 3 қылмыс ашылды, өткен жылы 10 қылмыс ашылған. Жеке құрам арасынан білікті қызметкерлерден жұмыс топтары құрылып, есірткінің заңсыз айналымына байланысты есірткі қылмыстарын анықтау бағытында нақты тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда 4 (былтырғы жылы – 9) есірткіге байланысты құқықбұзушылық анықталды. Қазіргі кезде өндірісімізде ашылмай тұрған 1 интернет алаяқтық қылмысы бар, ол бойынша жан-жақты тергеп-тексеру, жедел іздестіру жүргізілуде.
Аудан көлемінде жасөспірімдермен бірге маргиналды жастар арасындағы топтық төбелестердің, бұзақылық қылмыстарының алдын алуда күнделікті рейдтер ұйымдастырылуда. Есепті мерзімде қоғамдық орында жасалған қылмыстар 4-тен 7-ге, көшеде жасалған қылмыстар 1-ден 5-ке, топтасып жасалған қылмыстар 3-тен 6-ға, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 1-ден 2-ге, отбасы тұрмыстық саласындағы қылмыстар 3-тен 4-ке өсім алуының себебі – бөлім қызметкерлерінің ынтасымен анықтаған латентті қылмыстардың әсері болып отыр. Ал мас күйінде жасалған қылмыстар 6-дан 4-ке төмендеді. Қоғамдыққауіпсіздік саласы бойынша есепті мерзімде бөлімнің учаскелік полиция инспекторларымен барлығы 1892 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Мүлдем төзбеушілік қағидасы бойынша анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 1040. Отбасы-тұрмыстық саласындағы қылмыстардың алдын алуда барлығы 43 (былтыр – 38) азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, профилактикалық, тізімдік есепте тұрған 263 (былтыр – 261) тұлғалардың мекенжайлары араланып, тексеріліп, сот арқылы 13 (былтыр – 10) тұлғаның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленді. Есепті мерзімде учаскелік полиция инспекторларымен 19 (былтыр – 15) қылмыс ашылды. Учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, барлық елді мекен мен кент орталығындағы кәсіпкерлермен бірге дүкен иелерін «Арақсыз ауыл» жобасын жүзеге асыру үшін алкоголь өнімдерін сатудан бас тартуға шақырып, нәтижесінде 2025 жылдан бастап Иіркөл, Төребай би, Қызылтам елді мекендері «Арақсыз ауыл» санатына жатқызылып, аталған ауылдарда алкоголь өнімдері мүлдем сатылмаса, биыл бұл санатқа Алдашбай ахун ауылы да қосылды. Басты мақсат – өскелең ұрпаққа өнеге, тәрбие жолын көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Елімізде әрбір үшінші қылмыс спирт ішімдігін ішу арқылы жасалады, – деді Оспан Қосжанұлы.
Әрине, мұндай алдын алу шаралары қоғамда қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алуға септігін тигізеді. Айта кетерлігі, бөлімнің Әкімшілік полиция саласы бойынша қылмыс ашу көрсеткіші біршама жоғарылаған. Жол-көлік оқиғалары бойынша өткен жылмен салыстырғанда 15-тен 17- ге өсім алған. Алайда аудан арқылы өтетін республикалық маңыздағы «Қаз-06 Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» тас жолында 10-нан 4-ке, жарақат алу 21-ден 5-ке, қаза болғандар 6-дан 3-ке төмендеген. Аудандық маңыздағы тас жолдарда қайтыс болғандар 1-ден 0-ге төмендеп, биыл адам қазасымен аяқталатын жол-көлік оқиғалары орын алмаған. Елді мекендегі жолдарда 4-тен 6-ға жарақат алғандар 4-тен 7-ге өсім алса, биыл елді мекендегі жолдарда адам қаза болумен аяқталған жол көлік оқиғалары орын алмаған (былтырғы жылы 2 болған). Облыстық маңыздағы «Жалағаш – Жосалы» тас жолында 0-ден 2-ге, жарақат алғандар 0-ден 5-ке өсім алуына жол берілген, қайғылы жағдай орын алмаған.
«Биыл адам өмірімен өлшенетін жол-көлік оқиғаларының төмендеуі – республикалық маңыздағы «Қаз-06 Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» тас жолында жол ережелерінің қайта зерделеніп, жаңартылуы және жол бойына патрульдік полиция қызметкерлерінің қызметтік автокөліктерінің макеттері орнатылуы септігін тигізуде. Сонымен қатар аудандық деңгейдегі жолдарда кезең-кезеңімен зерделеулер жүргізіліп, бірқатар жерге жол ережелері орнатылып, қатаң бақылауға алынуы нәтижесін беріп отыр.
Ювеналды полиция саласы бойынша есепті мерзімде 302 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен барлығы 184, бала тәрбиесімен айналыспаған (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша) 17 ата-анаға қатысты құжаттар жинақталып, аудандық сотта қаралды. ЮПт қызметкерлерімен қылмыс ашу үлесі 1-ден 7-ге артты. Алдағы уақытта тіркелген қылмыстар және жол-көлік оқиғалары бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, аудан көлемінде қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында «Тұрмыс», «Қадағалау», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Квадрат», «Бала және отбасы», «Түнгі қаладағы балалар», «Демалыс», «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз, балалар» атты іс-шараларды ұйымдастырып, тиісті құзырлы органдармен бірлесе жұмыстар жүргізе беретін боламыз" деді брифингте сөзін қорытындылаған О.Ешжанов.
Мұнан соң брифингте ауданның бас санитар дәрігері Әлия Ідірісова осы жылдың 5 айында басқармамен атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Біздің қызметіміз аудан көлемінде жұқпалы және паразитарлық аурулардың аурушаңдық көрсеткішіне күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық мониторинг жүргізе отырып, эпидемиологиялық ахуалға баға беру, ауру ошақтары мен нысандарда тергеп-тексеруді жүргізе аурудың таралуына себеп болған жайттарды анықтау. Аурудың жұқтыру факторлары мен таралу жолдарын айқындауда байланыстағы азаматтар мен қоршаған ортаның зертханалық зерттеумен қамту, профилактикалық шараларды, оның ішінде халыққа профилактикалық екпелер жүргізуді ұйымдастыру және инфекциялық тәуекелдерді төмендету бағытында кешенді іс-шаралар атқару. Өткен жылдың 5 ай қорытындысымен басқармамен есеп жүргізілетін 102 нозологиялық жұқпалы және паразиттік аурулардың 91 түрі аудан көлемінде тіркелмеген, 8 түрі бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырмалы аурушаңдық көрсеткіші төмендесе, 2 нозологиясы бойынша, оның ішінде КонгоҚырым геморрагиялық қызбасынан 1 жағдайға, дерматофития ауруы 7 жағдайға жоғарылады, – деді ол.
Ескерерлігі, аудан КҚГҚ бойынша эндемиялық аймақтар қатарында орналасқан. Осыған дейінгі 5 айда КҚГҚ күдікті жағдай тіркелмесе, маусым айының 9 және 11 жұлдызында КҚГҚ-на нақтыланған 2 жағдай есепке алынған. Соңғы 3 жылда КҚГҚ тек 2024 жылы тіркелмеген екен. Ал 2025 жылы 1 жағдай тіркеліп, қайғылы жағдаймен аяқталған.
– КҚГҚ ауруының алдын алуда жыл сайын көктем-күз мезгілінде кенеге қарсы өңдеу шаралары кешенді түрде жүргізіліп келеді. Зоопаразитологиялық барлау және зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 2026 жылға қолайсыз елді мекендер саны 3-ке азайды, былтыр қолайсыз елді мекендер саны 16 болған. Өндеу жұмыстары осы жылдың 22 сәуірінен бастап мамыр айының 7 жұлдызы аралығында көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ауданымызда Алматы қаласының «Ala comfort» мекемесімен улау жұмысы жүргізілді. Халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алуда санитариялықағарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Аудан тұрғындарына, ауру ошағында, көшелерде және адам көп жиналатын мекемелерде және елді мекендерде 208 түсіндірме жүргізілді, 176 сауалнама, үнпарақ таратылды. Аудандық баспа құралдарына 3 мақала жарияланды. Әлеуметтік желі парақшамызға 26 материал жарияланып, 5 тікелей эфир, 6 семинар өткізілді. Аудан әкімдігіне аурудың алдын алуда және елді мекен айналасы мен мал қоралардың механикалық тазартылуын ұйымдастыру жөнінде қатынас хаттар жолданды. Аудан әкімдігінде аурудың алдын алуда штаб отырыстары өтіп, тиісті сала, мекемелер басшыларына тапсырмалар берілді, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, туберкулез ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты екені және аурудың жұғуын дер кезінде анықтауда балалар арасында Манту сынамасымен 5639 бала қамтылғаны, есепті кезеңде жіті ішек инфекциясы нақтыланған жағдай мен жедел вирусты гепатит тіркелмегені хабарланды.
ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес, 21 түрлі жұқпалы ауруға – туберкулез, гепатит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, пневмококк, қызылша, қызамық, паротит, адам папиллома вирусы, іш сүзегі, құтырма және тағы басқасына қарсы вакцинация жүргізіледі. Екпе баланың туылғанынан бастап одан кейін баланың 2, 3, 4 айлығында, 1, 1,5, 6 жаста, 16 жаста және әрі қарата 10 жыл сайын 56 жасында соңғы екпесі емханада егіледі. Балаларды вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардан қорғау үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Ол үшін егілуге тиісті контингенттің кем дегенде 95 пайызы вакцинациялануы тиіс. Бүгінгі таңда туындап отырған мәселе жас атааналардың дәлелденбеген ақпаратты негізге алып, вакциналарға сенімсіздік танытып, егу шараларынан бас тарту фактілерінің жиілеуі болып отыр. Осының салдарынан иммундау шараларының орындалу көрсеткіші 81 пайызды қамтуда. Дермотафития ауруының тіркелуіне байланысты ұйымдасқан және ұйымдаспаған ошақтарында байланыста болған 141 адамға аптасына бір реттік медициналық бақылау орнатылып, дәрігер мен мейірбикенің қатысуымен түсіндірме жүргізілген. Мектеп, балабақша және үй ошақтарына дезинфекция жасалған. Басқарма тарапынан анықталған санитариялықэпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты 4 жеке тұлғаға әкімшілік шара көріліп, айыппұл салынған.
Брифинг қорытындысында сала басшылары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқара беретіндеріне сенім білдірді.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
06 шілде 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 503
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031