Құрылтай
» » БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ШУАҚТЫ ӘЛЕМІ

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ШУАҚТЫ ӘЛЕМІ

Аталмыш тақырыпта Алдашбай ахун ауылындағы №111 орта мектептің жанынан құрылған «Шаттық» күндізгі тынығу лагерінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Балалық шақтың шуақты әлемі» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Оған аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, Жастар денсаулық орталығының психологі Әмина Кетебаева, ауыл әкімі Ермек Жақанов арнайы қатысып, лагерь тәрбиеленушілеріне ізгі тілектерін арнап, жазғы лагерьде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Іс-шараның шымылдығы дәстүрлі қазақы нақышта түрілді. Балалар киіз үйге жиналып, қазақ халқының ұлттық ойындары – ханталапай мен бескенейді қызыға ойнады. Ұлттық ойындар арқылы оқушылар ата-баба мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін арттырды.
Мерекелік бағдарлама барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Әрбір қатысушы белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қонақтар балалардың өнерін тамашалап, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Олар жас ұрпақтың ұлттық рухта тәрбиеленіп, салауатты өмір салтын ұстануы маңызды екенін атап өтті.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышы іс-шараның басты көрінісіне айналды. «Шаттық» лагеріндегі бұл күн тәрбиеленушілердің жадында жарқын естелік болып қалары сөзсіз. Мұндай іс-шаралар балалардың достық қарым-қатынасын нығайтып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Гүлшат МАХАНОВА,
№111 орта мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
13 маусым 2026 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 443
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031