» » БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндердің құқығын қорғауға, олардың қауіпсіздігі мен амандығына қоғам назарын аударуға арналған маңызды мереке. Балалар – еліміздің болашағы, қоғамның ең қымбат байлығы. Сондықтан олардың өмірі мен денсаулығын қорғау – әрбір ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады. Әсіресе жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Қазіргі таңда балалардың терезеден құлауы, су айдындарындағы қайғылы жағдайлар, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау секілді оқиғалар жиі кездесуде. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атааналардың жауапкершілігі аса маңызды. Үй жағдайында балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге арнайы қорғаныш құрылғыларын орнату, сіріңке мен электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. Сонымен қатар балаларға ерте жастан қауіпсіздік ережелерін үйретудің маңызы зор.
Жазғы демалыс кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау да басты назарда болуы тиіс. Балаларды рұқсат етілмеген жерлерде шомылдырмау, су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалдырмау қажет. Себебі қауіпсіздік талаптарын сақтамау орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар балалар ойын алаңдары мен аттракциондарда да қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Батуттар мен ойын құрылғыларында балаларды бақылаусыз қалдырмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай қолданылуына мән берген жөн.
Балалардың қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ іс. Әрбір азамат бала өміріне бейжай қарамай, қауіптің алдын алуға атсалысқанда ғана қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз. Баланың күлкісі мен амандығы – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
01 маусым 2026 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930