» » БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕН БАСТАЛАДЫ

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕН БАСТАЛАДЫ

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – атаана мен ұстаздардың басты міндеті. Өкінішке орай, өрт жағдайлары көбіне сақтық шараларын елемеуден немесе балалардың абайсыз әрекеттерінен туындайды. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйде де, мектепте де үйрету аса маңызды.
Өрттің алдын алу – басты шарт. Ол үшін сіріңке, шам, оттық сияқты заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою қажет. Электр құралдарын пайдаланғанда абай болу, оларды ұзақ уақыт қосулы қалдырмау да басты талап. Газ плитасын қолданғанда балалардың бақылаусыз қалмауын қадағалан жөн. Сондайақ әрбір үйде міндетті түрде алғашқы өрт сөндіргіш құралы болуы керек.
Балаларға қауіпсіздік үшін мына негізгі ережелерді үйрету керек. Ең бірінші отпен ойнауға болмайтынын түсіндіру. Одан кейін өрт шыққан жағдайда бірден үлкендерге хабарлау немесе 101 нөміріне қоңырау шалу керегін үйретіп, өрт кезінде жасырынып қалмау, керісінше сыртқа шығу қажеттігін айту. Түтін болған жағдайда еңкейіп қозғалу, дымқыл мата арқылы тыныс алу жолдарын қорғау.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің болашағымыздың кепілі. Өрт қауіпсіздігі ережелерін дер кезінде үйрету арқылы біз олардың өмірін қорғап қана қоймай, саналы азамат болып өсуіне де ықпал етеміз.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
26 қыркүйек 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031