» » Бала құқығы – басты құндылық

Бала құқығы – басты құндылық



Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес және Ішкі істер министрі мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру мақсатында биылғы жылды «Қауіпсіз балалық шақтың кепілі» деп жариялаған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің 2026-2027 жылдарға арналған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша іс-қимыл жоспарына сәйкес, осы жылдың 18 мамыр мен 8 маусым аралығында республика аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгерлері – балаларды қолдап-қорғау механизмдерін жандандыруға бағытталған «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты флешмоб форматындағы ауқымды акциясы өткізілмек.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, полиция қызметінің оң имиджін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ қоғам назарын аталған мәселеге аудару. Сонымен қатар акция шеңберінде сыйластық, өзара көмек көрсету қағидаттарын насихаттау және ішкі істер органдарына деген қоғамдық сенімді нығайту көзделген.
Акция шеңберінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгер-балаларын қорғауға және қолдауға ерекше назар аударылады. Өйткені олар уақтылы көмекке, ведомствоаралық сүйемелдеуге және мемлекет тарапынан әрекет етудің тиімді тетіктеріне аса мұқтаж ең осал санат болып табылады.
Зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу туралы ғана емес, сонымен қатар балалардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптардың алдын алу, олар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру және ересектер мен мемлекеттік институттарға деген сенімді қалпына келтіру болып табылады.
Бұл жұмыстың өзектілігі балалардың аналарын қорғауға тырысып, агрессорлардың зорлық-зомбылығының құрбаны болған қайғылы жағдайлармен расталады.
Сонымен қатар жекелеген кезекті іс-шаралар: дөңгелек үстел, семинар, конференция, дәрістер, тренинг, форум, көшпелі және рейдтік іс-шара, жұмыс топтарының кездесулері және қайырымдылық акциялары. Соңында полиция қызметкерлерінің әкімдер жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар, ақсақалдар кеңесі, әкелер одағы, әжелер мектебі, аналар кеңесі, келіндер мектебі өкілдерінің, сондай-ақ ҮЕҰ, студенттер, жоғары сынып оқушылары, жастар және жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық флешмоб ұйымдастырылуда. Осы ауқымды акцияға сіз бен біз болып үн қосайық.
Қармақшы ауданы полиция бөлімі
қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы
күрес тобы
13 мамыр 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031