» » «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»

«Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жариялаған құқық бұзушылықтар профилактикасы жылы «Полиция Заң мен Тәртіп күзетінде» шеңберінде және Полиция күніне орайластырылған айлықты өткізу, сондайақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, полицияның имиджін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында осы жылдың 20-сәуірі мен 20-маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты челлендж-флешмоб форматындағы ауқымды акциясы өтуде.
Бұл акцияға біздің өңірге 28 мамырға дейін қатысу тапсырылған және барлық аудандарда 15-мамырдан бастап бастау алады.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғамның назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына аудару, сыйластық қағидаттарын насихаттау, отбасында бір-біріне жәрдемдесу қағидасын және ішкі істер органдарына қоғамдық сенімді нығайту.
Сонымен қатар, жекелеген кезекті іс-шаралар дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар, конференциялар, дәрістер, тренингтер, форумдар, көшпелі және рейдтік іс-шаралар, жұмыс топтарының кездесулері, қайырымдылық акциялары сондай-ақ әкімдер жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар, ақсақалдар кеңесі, әкелер одағы, әжелер мектебі, аналар кеңесі, келіндер мектебі өкілдерінің, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері, студенттер, жоғары сынып оқушылары, жастар және жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық флешмобтар ұйымдастырылуда. Осы ауқымды акцияға сіз бен біз болып үн қосайық.
Қармақшы ауданының полиция бөлімі
12 мамыр 2025 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930