» » Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі



«Қазгидромет» алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен болатынын ескертті. 13 мамырда үсік оңтүстік-шығыс өңірлерде де күтіледі. 


Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия аумағынан келген антициклон Қазақстанның барлық өңіріне салқын ауа әкелген. Суық ауа массаларымен толығып отырған антициклон жақын күндері ел аумағындағы ауа райына әсерін жалғастырады. Осыған байланысты солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта теріс температура сақталады. Ал антициклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын, 13 мамырда түнгі үсік оңтүстік-шығыс өңірлерге де жетеді.
Бұған дейін синоптиктер мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +33…+41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін хабарлаған еді.


12 мамыр 2026 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930