Құрылтай
» » Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ

Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ



Ұлы Жеңіс күні – бейбіт өмір мен азат болашақ үшін жан аямай күрескен майдангерлердің ерлігіне тағзым ететін, батыр бабалардың рухын ұлықтайтын мереке. Ұрпаққа тыныш өмір сыйлаған ардагерлердің есімі мен жанқиярлық ерлігі әрдайым ел жадында сақталады.

Осыған орай бүгін «Тағзым» алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ» атты еске алу шарасы өтті. Тағылымы мол шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алудан басталып, «Мәңгілік алау» маңында майдан даласында жанын қиған батырлардың рухына тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ майдангерлерді еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланып, тұрғындар ерліктерін еске алды.

Шара барысында сөз сөйлеген аудан басшысы Ұлы Жеңістің тарихи маңызына тоқталып:
-Біз Отан үшін от кешкен ерлердің рухына мәңгілік тағзым етіп, олардың алдында бас иеміз. Ұлы дала батырларының қайсар рухын халық болып ұлықтау –перзенттік парызымыз. Бірліктің бұл ұлы күші ұрыс даласында ғана емес, тылдағы қажырлы еңбек те Жеңістің басты негізіне айналды. Әкелеріміз бен аналарымыздың қызметі халқымыздың жадында мәңгі сақталады.
Тәуелсіздігіміз берік болуы, еліміздің өркендеуі де осынау мерекенің жемісі. Сондықтан әрқашан аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын, – деп атап өтті.

Айта кетсек, Ұлы Отан соғысына елімізден 1 миллионнан астам азамат аттанып, олардың жартысына жуығы майдан даласынан оралмаған. Осы жолда киелі Қармақшы ауданынан 5000-ға жуық батырларымыз сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, жеңіс туын желбіретуге үлестерін қосты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 мамыр 2026 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031