Құрылтай
» » "Ана мен балаға өмір сыйлайық!" қан донорлығы айы

"Ана мен балаға өмір сыйлайық!" қан донорлығы айы



Статистикаға сәйкес облысымызда жыл сайын 20 мыңға жуық сәби дүниеге келеді екен. Өкінішке орай, ана мен бала үшін жауапты сәттер әрдайым сәтті, қуанышты аяқтала бермейтіні белгілі. Дәрігерлер тәжірибесінде Ана мен бала өміріне араша түсу үшін шұғыл қан құю жағдайлары да орын алып жатады.
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы ана мен бала денсаулығын қорғауға ат салысу мақсатында «АНА МЕН БАЛАҒА ӨМІР СЫЙЛАЙЫҚ!» атты 1 айлық науқан бастайды.
Науқан 2026 жылғы 10 мамыр Аналар күнінде бастау алып – 1 маусым балалар күні мерекесіне дейін жалғасады.
Сіздің бір тамшы қаныңыз-бір анаға үміт сыйлап, бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін!
Баршаңызды игі іске ат салысуға шақырамыз!
Ана мен балаға бірге өмір сыйлайық!
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, сол жағалау, Абылай хан көшесі, №81 б, Қан орталығы
Байланыс телефоны: 87779735858, 87011125581
08 мамыр 2026 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 449
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 953

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031