» » Анашым, терезені жапшы

Анашым, терезені жапшы

Бала – Алланың аманаты. Жаратқан отбасыға сәби берсе, оның жауапкершілігін ата-ананың иығына қоса артады. Дүниеге сап-сау болып келіп, сықылықтап күліп, шауып ойнап жүрген балалар кейде я күйіп қалады, я құлап өн бойына зақым келтіреді, не болмаса басқа дене жарақатын алып жатады. Мұны не дейміз? Жазатайым әрекет пе? Тағдыр ма? Әлде ата-ананың жауапсыздығы ма?

Байқоңыр қаласы әкімшілігі жанындағы жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясы қала тұрғындарын абай болуға шақырады.
Жыл сайын күн ысып, жаз мезгілі басталысымен-ақ кішкентай бөбектердің терезеден құлау жағдайлары тіркеледі. Бұл мәселе бүкіләлемдік ауқымды мәселе болып отыр. Терезеден құлау – балалардың қолдан жасап алған дене жарақаты мен өлімге әкеп соқтыратын оқыс жағдай болып табылады. Мұндай жайттар көбінесе көп қабатты үйлері бар қалалық жерлерде орын алады. Соңғы бірнеше айдың өзінде Байқоңыр қаласында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен бала құлау жағдайы орын алып үлгерді. Биіктен құлау – түрлі деңгейдегі дене жарақатына немесе өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Көп жағдайда балалардың бас сүйегі, аяқ-қолы, ішкі ағзаларының зақымдалуы жиі кездеседі. Ал енді емделу шарасы – аптаға, айға, тіпті жылдар бойына жалғасуы мүмкін. Кей жағдайда отбасылар балаға толық ем бере алмай, өмір бойы мүгедек боп қалуы да ғажап емес.
Өкінішке қарай, шілде айының соңында 4 жасар баланың көпқабатты үйдің терезесінен құлауы – қайғылы жағдаймен аяқталды. Бала бірнеше жерден дене жарақатын алып, дәрігерлер бірнеше тәулік бойы баланы аман алып қалу үшін күресті. Бірақ, құтқару мүмкін болмады. Мұның барлығына себеп – қоршаусыз терезелер және москит торы. Москит торы – баланы құлаудан қорғау үшін емес, маса, құрт-құмырсқадан қорғану үшін салынатынын ұмытып кетеді-ау, сірә. Ал кей ата-аналар сол терезе торына сеніп, терезе жабық деген оймен еш алаңсыз жүре береді. Мұндай оқиғаға 1-5 жас аралығындағы балалар тап болады.
Байқоңыр қаласы әкімішілігі жанындағы жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясы жыл сайын кең көлемді профилактикалық жұмыстар атқарады. Мұндағы мақсат – балалардың қылтимадан (балкон), терезеден құлау фактілерінің орын алмауын қадағалау және алдын алу. Бірақ қанша жұмыс атқарылса да ата-аналар жағдайдың қаншалықты қорқынышты және қауіпті екенін білмейінше қандай тың жұмыс жасалса да нәтиже бермейтіні анық. Бала – біздегі бар ең бағалы сыйлық. Сондықтан, өзегімізді өкініш өртейтін жағдайдан сақтанайық!
(Мәлімет Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми парақшасынан алынған деректер негізінде дайындалды)

Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Байқоңыр қаласы


29 тамыз 2020 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930