ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ
Әдетте, қарапайым адамның Мемлекет басшысы жайында қалам тербеуі сирек кездесетін жағдай. Өйткені, мұнда жауапкершілік деген болады. Бастапқыда сондай күйді мен де бастан өткізгендей болдым. Әйтсе де Ұлы даланың Ұлы тұлғасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы жайында ой толғау мүмкіндігіне ие болған мен шексіз бақытты едім. Қазақ халқының маңдайына жазған Ұлт Көшбасшысын жақыннан көруді маған да Алла Тағала екі рет пешенеме жазыпты. Бірі – 1992 жылы «Қазақстан» қонақ үйінің салтанатында болса, екіншісі 1995 жылы һакім Абайдың 150 жылдық мерейтойында. Семей өңіріне іс-сапармен келген Елбасын өңірдегі Президент Резиденциясында көрген едім. Осы айтулы екі оқиға мақаланы зор тебіреніспен жазып шығуыма дем бергендей.
ШАМАЛҒАННАН ШЫҚҚАН ШЫМ БАЛА
Елбасының маңдайынан күн сүйіп, кіндік қаны тамған жер – Алматы облысына қарасты Қаскелең ауданы, Шамалған елді мекені. Шұрайлы мекен аумағынан кезінде Ұлы Жібек жолы кесіп өткен тарихи өлке. Жап-жасыл табиғаты, жеті қат аспанмен таласқан таулары бар жер жәннаты. Жетісудай қасиетті жерді кім білмейді. Осындай сұлу да сымбатты өлкенің атақты Үшқоңыр жайлауында Елбасының балалық шағы өтті. Осынау қасиетті топырақта мөлдіреп аққан төрт бастау бар. Суы зәм-зәм татиды. Соның бірі – «Президент бастауы» атауымен аталады. Елбасы бүгінгі күнге дейін балалық шағының куәсі болған тұма бастаудың бал суын ішпей, саф ауасымен тыныстамай кетпейді. «Туған жерге – туың тік» – дейді дана қазақ. Туған жерін жанынан артық көретін Елбасы өзі білім алған білім ұясы мен ауыл мұражайына үнемі қамқорлық жасап, мектеп кітапханасына сирек кітаптар тарту етіп келеді. Қазақ – ерекше халық қой. Соның бір дәлелі – перзентін алған тәрбиесі мен арғы тегіне қарап бағасын береді. Сұлтанның дүниеге келмей тұрып анасы Әлжан мен әжесінің түс көруі – тегіннен-тегін болмаса керек-ті. Қай кезде де қазақ халқының бала тәрбиесінде ата мен әженің орны ерекше болған. Бала Сұлтанның дана Сұлтанға айналуында ақ жаулықты әже тәрбиесінің ықпалы болғаны анық. Әсіресе, немересін тербетіп ертегі не аңыз-әңгімемен ұйықтатуы, сәби кезден қазақтың салт-дәстүрін санасына құйып өсіруі, ұрпағына деген мейірімі мен махаббаты – көпті көрген, көнекөз кейуананың дархандығын көрсеткендей. Өсиеті мен ақылы немересінің бойына құт болып дарығандай: «Әрқашан бойыңды таза ұстасаң, жақсы оқысаң, өз ісіңе ұқыпты болсаң, келешекте әлем танитын азамат боласың», – деуін көріпкелдікке, көрегенділікке қалай бағаламайық. Аңызға бергісіз сол өсиет қазір ақиқатқа айналды емес пе? Осындайда қазақ анасының ерлікпен пара-пар дара болмысын, қажыр-қайратын көргендей боламыз. Адам мына дүниеде қандай жетістікке жетсе де – таза еңбегімен жетеді. Онсыз өмірді елестету мүмкін емес. Еңбек адамынан әлем таныған тұлғаға айналу, тығырықтан жол табу оңай шаруа ма? Кездескен кедергіні бұзып өтіп, асқақ арманға қол жеткізу, қажырлы еңбек пен кемел білімді жетілдіру – кез келген адамның қолынан келетін іс пе? Жасқанбай алға басу, жеңіс пен жетістікті көтере білу, жүрек сүзгісінен бір мемлекеттің кешегісі, бүгіні мен болашағын өткізе білу – жеңіл жұмыс па? Мықты болсаңыз, осы жүкті көтеріп көріңіз. Адамның жақсы естеліктері көбіне жастық шағында болады. Біздің басты кейіпкеріміз өзінің балалық шағы жайында: «Менің бір ғана нәрсеге ықыласым қатты ауды, тезірек еңбекке араласып, табыс тауып, үй-ішіне түскен ауыртпалықты аз да болса жеңілдетсем дейтінмін. Өйткені, балалардың үлкені мен едім. Оқып білім алуға қаншалықты құштарлығым зор болғанмен де бәрібір үй-ішіне әйтеуір бір қолқабыс етсем деген сезім жеңе берді», – дейді. Мұнан ұққанымыздай – қарапайым отбасы баласының еңбекке деген табандылығы, бауырға, ата-анаға деген қамқор пейілі аңғарылады. Әлгінде, тектілік жайында сөз қозғап қалдық. Елбасының қиыннан қиыстырар көсемдігі, сөз бастаудағы шешендігі, қарапайымдылық қасиеті, өнерге деген сүйіспеншілігі – тектіліктің арқасы емес пе? Ата-анасының ән салатындығы, дастархан басында домбыра шертіп, сөз сайыстыратыны – Нұрсұлтан Әбішұлына да жақсы ата-анадан дарыды десек, Һакім Абай айтпақшы: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болатыны» да шындық. Елбасының ұстазы Әсет Асқаров шәкірті туралы былай деп толғанады: « ... 52 жыл бойы Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепте химия пәнінен дәріс оқыдым. Кейбіреулер: «Мен Елбасына пәленмін, түгенмін» – деп бөсіп жатады. Соларды ұқпаймын. Ол мен ұстаз болмасам да Елбасы болар еді. Сондықтан мен мақтанбаймын. Нұрсұлтанмен мақтанам. Шәкіртіме ұзақ өмір, баянды бақыт тілеймін». Қазіргі күні Шамалғаннан шыққан шым баламен ұстазы ғана емес, бүкіл қазақстандық мақтанады.
НҰРСҰЛТАННЫҢ НҰРЛЫ ЖОЛЫ
Сонау 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басы есіңізде болар. 73 жыл Кеңес одағына арқандалған Қазақ елінің талайлы тағдыры қыл үстінде тұрғаны. Есеңгіреген саясат, тұралаған экономика, қайда барарын білмей абдыраған халық есіңізде ме? Арада 27 жыл өтті. Қараңыз. Қазақстанды бүгінде әлем біледі ме? Біледі. Қазақстан аяғынан тік тұрды ма? Тұрды. Қазастанның халықаралық ұйымдарда айрықша орны бар ма? Бар. Ел еңсе тіктеді ме? Тіктеді. Экономика дамып, әлеует күшейді ме? Күшейді. Мойындауымыз керек, әрине, бұл бірінші кезекте Елбасы мен елдің бір-бірін көзден таса етпей, тонның ішкі бауындай біртұтас қимылдауында, біріге әрекет етуінде. Әйтпесе, көрші қырғызды алып қараңыз. Ширек ғасырда қанша Мемлекет басшысы ауысқанын. Украинаны алыңыз. Ішкі ахуалынан әлі айыға алмай жатыр. Президент әркез сыртқы саясатта стратегия мен тұжырымдамаларға басымдық беріп келеді. Бұл тұрғыда ол: «Тәуелсіз Қазақстан – маңызды халықаралық орталыққа айналды, ал ХХІ ғасырда өзінің өңіраралық көшбасшылық бағытын одан әрі нығайта түсуі керек. Шығыс пен Батыстың арасындағы диалог пен ықпалдастық көпірі болуы қажет. Біздің басымдықтарымыз айқын да тұрақты – көршілеріміз Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері, сондай-ақ АҚШ, Еуропа одағы, Азия елдерімен әріптестікті дамыта түсу», – деген болатын «Қазақстан – 2050» стратегиясында.
Қазақстан әп дегеннен жалпы ұлттық және ядролық қауіпсіздік саясатын айнымастай ұстанған мемлекет. 1949 жылдан 1991 жылға дейін Семей аймағында 470 ядролық сынақ өткізілді. 1963 жылға дейін 118 жарылыс ауада және 1963 жылдан 1991 жылға дейін 352 жарылыс жер астында жасалды. Осындай ядролық радиация салдары төртінші ұрпаққа дейін зардап шектіруде. Бейбітшілік пен жасампаздықтың жаршысы атанған Елбасы аталған полигонның үнін мәңгіге өшіріп, ядролық қасіретті келмеске кетірді. Қазақстан осы бағытта табанды да қажырлы еңбек етті. 2015 жылғы желтоқсан айындағы БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық қарудан азат әлемге жету туралы жалпыға бірдей Декларацияны мақұлдады. 2010 жылы Вашингтонда өткен бірінші ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасының бұл бастамасы «саяси ойын» болып көрінген. Айтулы құжаттың бекітілуі – елдің игі мақсатына, БҰҰ-ның 100 жылдығына орай, 2045 жылы ядролық қарудан бейбіт әлемге қол жеткізуді мұрат тұтқан Қазақ еліне әлем елдерінің білдірген қолдауы болатын. Бұдан басқа, 2012 жылы Астана қаласында «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда Мемлекет басшысы «Сынақтарды жою – біздің миссиямыз» жобасын ұсынды. Аталған бастамаға 100-ден астам елдің азаматтары біркісідей үн қосты. 2013 жылы Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер жасалды. Біраздан бері сиырқұйымшақтанған мәселенің күрмеуі тарқатылып, Женевадағы келісімге қол жеткізілді. 2015 жылы Қазақстанда аз байытылған ядролық отын банкін (МАГАТЭ) құру туралы келісімге қол қойылды. Былтыр әлемдік қауымдастық жаһандық маңызы жоғары оқиғаның куәсі болды. Әлемдік тарихта тұңғыш рет аз байытылған уран банкі энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға жол тартпақ. Бейбітшіліктің ақ құсын көгіне ұшырған Қазақстан АҚШ-та өткен ядролық қауіпсіздіктің төртінші саммитінде айрықша аталып, «Ядролық қаруды таратпаудағы халықаралық көшбасшылығы үшін» арнайы марапатына ие болып, қауіпсіздік саласындағы мәртебесі тағы бір дәлелденді.
Жаһанданудың жаңа үдерістерінде сын-қатерлердің болатыны сөзсіз. Осы ретте, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының орны ерекше. Бұл үдерістерді Қазақстанның қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Сол үшін де әлемге халықаралық жаңа нормалар мен жаңа экономикалық, саяси этика керек. 2016 жылы Ташкентте өткен ШЫҰ-ның саммитінде Қазақстан экстремизмге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы әзірлеуге байланысты өз ұсынысын енгізді. Сондай-ақ, Еуропалық экономикалық одақ пен Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы туралы да ұсыныс жасайды. БҰҰ-нан кейінгі беделді ұйымның бірі – Ислам Ынтымақтастығы ұйымы. Құрамына 57 мемлекет кіретін ұйым 2011 жылы ИЫҰ-на төрағалық етуге шешім қабылданды. Бұл Қазақ елінің ымырашылдығы мен бейбітсүйгіштігі жаһандық миссияның, Ислам әлемі мен Батыс арасындағы түсіністікке ықпал жасауының айқын көрінісі еді. Қазақ көршісін қашан да құдайындай сыйлаған халық. Көршімен тату болу – басты стратегияға кіреді. Қазақстанның Ресей, Қытай елімен әріптестік қарым-қатынасы тереңдесе, түркі тілдес мемлекеттер қоғамдастығында көшбасшылық, Орталық Азия мемлекеттерімен достық және ынтымақтастық қағидалары бұрынғыдан да беки түсті. 2017 жылы Астанада 56 елдің қатысуымен ИЫҰ-ның ғылым мен технология бойынша І Саммиті өткені баршаға аян. Елордадағы ірі оқиға – ғылыми-технологияға жол ашты. Ислам әлемінің бірлігін көрсетті. 25 жылдық дипломатиялық тарихында еліміз 180-нен аса мемлекетпен қарым-қатынас орнатқан. 57 мемлекет елшілік ашқан. Қазақстанда 95 шетелдік өкілдік жұмысына кіріскен. Сөйтіп, Қазақстан үшін сыртқы саясатта жаңа кезеңнің қақпасы айқара ашылды.
Ел тарихында ойып орын алған оқиғаның бірі – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Бұл турасында Елбасы: «Қазақстанда көрме өткізу құқығын жеңіп алу оңай болған жоқ. Алғаш рет Астанада халықаралық көрме өткізу идеясын мен «ЭКСПО-2008» көрмесіне, Испанияның Сарагоса қаласына барған сапарымда, біздің еліміз қола жүлдеге ие болған кезде ұсынғанмын. Қазақстанның ЭКСПО халықаралық көрме қозғалысына қатысу тарихы біздің еліміздің 1997 жылы Халықаралық көрмелер бюросына мүше болған кезінен басталады», – деген-ді.
Ұлт Көшбасшысының сара саясатының арқасында үш жылда Астанадан алып жаңа аудан бой көтерді. Жаңа әуежай мен жаңа темір жол вокзалы іске қосылды. Елорданың инфрақұрылымы заманауи технологиямен жабдықталды. Көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Қуанарлығы – біздің ғылыми үдерістер жүрегіне жол табу үмітіміздің толығымен ақталғаны. Көрме аумағындағы Қазақстан Ұлттық павильоны, Энергия Холлы, Арт-орталық, тақырыптық павильондар, арт-инсталляция қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени, спорттық демалыс орындарына айналып отыр. Көрме өткізу – орта және шағын бизнесті дамытуға отандық өнімді насихаттауға және ел беделін көтеруге септігін тигізгені ақиқат. Халықаралық шараны өткізуде – Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында есейгенін, өскенін көрсете білді. Иә, адам үшін 27 жыл аз емес шығар, ал ел үшін азғантай уақыт. «ЭКСПО» – еліміздің абыройын асқақтатқан, мерейін тасытқан, мәртебесін айшықтаған елеулі оқиға ретінде жер бетіндегі миллиондаған адамның есінде қалды.
«ӨМІР – ҮЙРЕНУДЕН ТҰРАДЫ»
Елбасы – күрделі тұлға. Мақала барысында Нұрсұлтан Әбішұлы жайында айтылған пікірге құлақ түргенді де жөн санадық. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин: «Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз мемлекетті іргетасынан бастап тұрғызды. Мұндай міндетті орындау тек біртуар адамның ғана қолынан келеді. Бәрі біткен кезде қай іс болмасын оңай көрінетіні рас. Басынан бастап дамудың осындай деңгейіне дейін жеткізе алу – Нұрсұлтан Әбішұлы тамаша орындаған міндет» деп жоғары баға берсе, Испания королі І Хуан Карлос: «Президент мырза, құрметті досым! Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сіздің еліңізге ресми сапармен бара жатқан Еуропалық Парламенттің Вице-президенті Алейо Видаль Куадраса мырза арқылы Аса мәртебелі Сізге және Қазақстанның барлық тату халқына өзімнің асқан жылы лебізімді жолдаймын. Мен бұл сапардың ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастарды дамытуда оң рөл атқаратынына және болашақта осы байланыстарды еш күмәнсіз нығайта береріне сенімдімін. Тамаша мүмкіндікті пайдаланып, Президент мырза әрі Құрметті Досым, Сізді өзімнің ыстық ықыласым мен жеке сыйластығыма сендіргім келеді», – деп толғады. Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков: «Мен болашақ Президентті алғаш рет 1957 жылы көрген ем. Ол кезде Нұрсұлтан – Қаскелеңдегі Абай атындағы қазақ орта мектебінің оныншы сынып оқушысы. Жүзі жайнап, екі көзі оттай жанып, жарқ-жұрқ етіп, бәйге атындай тыпыршып отыратын. Ішіне сыймай жүрген бір құдірет бар сияқты болушы еді. Айтуға ғана жеңіл, әйтпесе, қазақпын деуге тіл байланып, дүние шыр айналып тұрған заманда, алмағайып тар кезеңде бұлқынып шығып, ел тағдырын шешуге бел байлау оңай емес еді, қалың елдің жауапкершілігін көтеру үшін батырлық, үлкен жүрек керек еді. 1991 жылы желтоқсанның бірі күні Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Қуанышымызда шек болған жоқ. Толқыдық, Республика сарайында Елбасын таққа отырғызу рәсімін өткіздік. Хан тұсында қан шашылмасын деп ақсарбас шалдырдық, боздақтар аман болсын деп бозқасқа шалдырдық. Басына мұрақ кигізіп, иығына шапан жаптық, үш жүздің таңбасын салдырып, беліне кемер белдік соқтырдық. Ақ киіздің үстінде тұрып халыққа ант берді. Әлі есімде, артында тұрған ту құлап бара жатты. Түрлі ырымға жүйрікпіз ғой, сол сәт жүрегіміз өкшемізге кеткендей болды. Қалай, қайтіп сезгенін қайдам, Президент туды ұстап қалды. Кейін бірде: «Құлап бара жатқан туды ұстап қалдыңыз, Нұреке! Қазақтың туы енді жығылмайтын шығар», – дейді «Тұлға туралы толғамдар» кітабында. Қоғам қайраткері Уалихан Қалижан: «Президент, Елбасы Н.Назарбаев саяси қоғамдық сыннан өткен ірі тұлға, ірі қайраткер. Бұл күнде Ататүрік, Рузвельт, Шарль де Голль сынды әлемді аузына қаратқан саясаткерлердің қатарына қосылып, есімі аталып жүрген Нұрсұлтан Назарбаев кешеден бүгінге келген ұлы қайраткер. Н.Назарбаев «Өмір – үйренуден тұрады» дейтін қағиданы ұстанады. Сондықтан да Егемендік, Тәуелсіздік туы желбіреген күннен бастап халқының көз алдында өзі өсті, халқы өсті. Жиырма жылға жетер жетпес уақытта Қазақстан жаңа тұрпатты жас мемлекеттен азулы мемлекеттермен тіс шайнасатын, санасатын, өркениетті елу елдің қатарына қол созған ірі мемлекетке айналды», – деп жазды.
Аллаға шүкір. Бүгінде егемендіктің айбарындай, тәуелсіздіктің нұрлы келбетіндей болған Қазақ елі Мәңгілік елге аяқ басып, алға жылжып келеді. Заңғар аспанға көк тіреген Астананың зәулім ғимараттары салтанат құруда. Мырзатай ағамыз айтқандай, азаттық туы биікте желбіреп, қазақтың рухын асқақтатып тұр.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».