» » Мамырдан бастап мобильді аударымдар тексеріледі: Кімдер назарға ілінеді?

Мамырдан бастап мобильді аударымдар тексеріледі: Кімдер назарға ілінеді?



Нақты кімнің мобильді аударымдары салық органдарының бақылауына ілінеді? Қандай жағдайда банктер азаматтардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады? Мемлекеттік кірістер комитеті нақты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдар бойынша барлық дерек банктерден толық жиналғанын мәлімдеген болатын.
Қазір салық органдары оларды өңдеп, талдап жатыр. Әзірге нақты қандай санаттар анықталатыны белгісіз, өйткені әр азаматтың мәртебесі жеке қарастырылады. Сондай-ақ деректер бірнеше банктен түсуі мүмкін болғандықтан, ол0арды біріктіріп, қайталанған ақпараттар сүзгіден өткізіліп жатыр.
Алғашқы ескертулер мен хабарламалар азаматтарға мамыр айынан бастап жіберіле бастайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, ҚР Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.
Мұндай мәліметтер Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.
Олар қандай белгілер:
  • шотыңызға 100 адамнан көп ақша түссе,
  • ол үш ай қатарынан қайталанса,
  • жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса (1 020 000 теңге), банктер бұл туралы мәліметтерді кірістер органдарына жолдайды.
Яғни осы үш критерий де сақталса, онда азамат салық органының бақылауына ілінеді. Ал мобильді аударымдар жеке мақсаттарға арналған болса, олар салыққа жатпайды. Бұл туысқандар, әріптестер арасындағы аударымдар тексерілуге жатпайды деген сөз
04 мамыр 2026 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 048
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 649

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031