» » Қабылдауда өзекті мәселелер көтерілді

Қабылдауда өзекті мәселелер көтерілді




Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов қала тұрғындарын жеке қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерін ортаға салып, нақты ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу барысында әрбір өтінішке жіті мән беріліп, олардың мән-жайы жан-жақты қаралды.

Көтерілген мәселелер қатарында тұрғын үймен қамту, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және инфрақұрылымды дамыту бағыттары болды. Бұл – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселелер.

Қабылдау барысында әрбір мәселе бойынша нақты шешу жолдары қарастырылып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беру қажеттігі айтылды. Кейбір мәселелерге сол жерде түсіндірме берілсе, бірқатары кезең-кезеңімен шешу үшін бақылауға алынды.

Азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайды. Мұндай қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтып, нақты мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
17 сәуір 2026 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031