Мәслихаттар сайлауы
» » «AMANAT»: Ақжардағы тұрғындармен ашық кездесу

«AMANAT»: Ақжардағы тұрғындармен ашық кездесу

«AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақжар ауылында қоғамдық мобильді қабылдау өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік мәселелерді ашық айтып, нақты ұсыныстарын жеткізді.
Қабылдау кезінде жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым, жол, ауыз су және өзге де маңызды бағыттар бойынша сұрақтар көтерілді. Тұрғындардың әрбір өтініші назарға алынып, кейбір мәселелер бойынша сол жерде түсіндірмелер берілді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Халықпен тікелей байланыс орнату, ауыл тұрғындарының үнін есту – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі. Осындай мобильді қабылдаулар тұрғындардың түйткілді мәселелерін дер кезінде анықтауға және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да халықпен ашық диалогты нығайтып, ел игілігі үшін жұмысын жалғастыра береді.
23 қаңтар 2026 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30