» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БЕРІК ҰСТАНЫМЫ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БЕРІК ҰСТАНЫМЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте «Мен және Заң» тақырыбында кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық тәрбиені күшейтіп, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ­болды.
Оған аудандық прокуратураның прокуроры Әділет Сәду, АПб ҚҚб ЮПт учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Асылжан­ Бақытжанұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айдос Ибрагимов және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау саласының мамандары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себеп-салдарын түсіндіріп, оның алдын алу жолдарына кеңінен тоқталды. Құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу, киберқауіпсіздік мәселелері мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі жан-жақты талқыланды.
Прокуратура өкілі заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтсе, полиция инспекторы жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, құқықтық жауапкершілік жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар сала мамандарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жа­уаптар алды. Бұл өз кезегінде жас буынның құқықтық са­уатын арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге ықпал етті.
Кездесуді мектеп директоры Ақмарал Жарасова жүргізіп, жиынның мазмұнды әрі ашық диалог форматында өтуіне ұйытқы болды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар – «Заң мен тәртіп» қағидатын өмірлік ұстанымға айналдырып, саналы, білімді, жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Өйткені саналы ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі.
«ҚТ» ақпарат
14 сәуір 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930