» » Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады

Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады

Фото: kolesa.kz
Жаңа онлайн сервисті Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-өндірістік орталығы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Kaspi.kz командасымен бірлесіп әзірлеген, деп жазады Egemen.kz.
Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы әрі басшысы Михаил Ломтадзе автокөлік иелеріне арналған сервиске қатысты оң пікірлер жазылып жатқанын атап өтті.
«Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы автокөлікті қайта тіркеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, көлікті кепілге қоюға немесе кепілден шығаруға болады. Енді қосымшада техникалық паспортты ауыстыру қызметі де қолжетімді болып отыр. Адамдарға күнделікті мәселелерін тез әрі оңай шешуге көмектесетін сервистерді жасағанымызға қуаныштымыз. Қолданушылар қазір қосымшаны пайдаланып, жағымды пікірлерін жеткізіп жатыр. Ынтымақтастық үшін мемлекеттік органдарға және бізбен бірге болған әрбір тұтынушыға алғыс айтамыз», деді Михаил Ломтадзе.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин аталған сервисті іске қосу –танымал қызметтерді онлайн форматқа көшіру және мемлекеттік сервистерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін айтты. 
«Kaspi.kz қосымшасында техникалық паспортты ауыстыру қызметінің іске қосылуы – мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы қызмет алу уақытын қысқартып, Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бару қажеттілігін азайтады. Біздің міндетіміз – сұранысқа ие қызметтердің басым бөлігін бірнеше батырманы басу арқылы қолжетімді ету», деді Ростислав Коняшкин.
24 наурыз 2026 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031