» » Жүргізуші куәлігін алу цифрланды

Жүргізуші куәлігін алу цифрланды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізуші куәлігін алу мен ауыстыру рәсімін едәуір жеңілдететін қанатқақты жобаны іске қосты. Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін өтінішті онлайн түрде, тікелей «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Ал бұрынғы куәлікті ауыстыру рәсімі толығымен цифрлық форматқа көшіріліп отыр – бұл қызметтер eGov электронды үкімет порталы мен EgovMobile қосымшасы арқылы қолжетімді, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жоба 2026 жылғы 30 маусымға дейін пилоттық режимде жүзеге асырылады. Осы уақыт аралығында жүйе сынақтан өтіп, техникалық және құқықтық тетіктері жетілдіріледі.
Цифрлық құжат айналымын дамыту бағытындағы бұл қадам халықтың уақыты мен ресурсын үнемдеуге бағытталған. Бұрын жүргізуші куәлігін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезек күту қажет болса, енді бар процесс бірнеше минут ішінде смартфон арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету және оларды азаматтарға ыңғайлы ету бағытында министрлік бұдан әрі де жаңашыл қадамдар жасауды жоспарлап отыр. Болашақта жүргізуші куәлігіне қатысты бұл функцияларды банк қосымшаларына да енгізу көзделген.
Осылайша, жүргізуші куәлігіне қатысты негізгі қызметтер біртіндеп цифрлық кеңістікке көшіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жаңа деңгейге көтерілмек.
21 шілде 2025 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930