» » Жүргізуші куәлігін алу қызметі өзгерді

Жүргізуші куәлігін алу қызметі өзгерді

Фото: Nitec
eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz
Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек.
Бұдан басқа азаматтарға ыңғайлы болу үшін дайын құжаттарды алуға болатын ХҚКО бөлімшелерінің тізімі кеңейтілді. Енді жүргізуші куәлігін тек мамандандырылған ХҚКО-да ғана алмайсыз. Онлайн-сұрау салу кезінде жүргізуші куәлігін қайта шығару 60 минутты, арнайы ХҚКО бөлімшелерінде – 120 минутты алады.
Жүргізуші куәлігін алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизация жасаңыз және «Көлік және коммуникация» бөліміне өтіңіз;
- қызметтер тізімінен «Жүргізуші куәлігін алу» тармағын таңдаңыз және  барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.
Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады. Пайдаланушыға хабарлама қызметті алу тәсіліне қарай (онлайн немесе офлайн) 60 немесе 120 минуттың ішінде келеді.
Қызметтің жаңа функционалы Ішкі істер министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.
06 тамыз 2024 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930