Топ-баннер
» » Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн қалай ауыстыруға болады? Сәуір айынан бастап жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда да оны онлайн ауыстыруға мүмкіндік бар. Қызмет eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Негізгі талаптар

  • Мерзімі өтіп кеткен куәлік үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.
  • Егер куәлік мерзімі аяқталғанға дейін ауыстырылса, медициналық анықтама талап етілмейді.
  • Мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК.
  • Қызмет көрсету мерзімі – 60 минут.
  • 30 күннен астам төленбеген айыппұл болса, қызмет көрсетілмейді

eGov.kz порталы арқылы

  1. Порталға кіріп, «Азаматтарға» – «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөліміне өтіңіз.
  2. «Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдаңыз.
  3. Фото мен қолтаңба үлгісін жүктеңіз.
  4. Дайын құжатты алатын ХҚКО-ны көрсетіңіз.
  5. Мемлекеттік бажды төлеңіз.
  6. Өтінімді электронды қолтаңбамен немесе өзге қолжетімді тәсілмен растаңыз.

eGov Mobile арқылы

  1. Қосымшаға кіріп, «eGov Мемлекеттік қызметтер» – «Жүргізу және көлік» бөліміне өтіңіз.
  2. «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдаңыз.
  3. Фото мен қолтаңбаны жүктеңіз.
  4. ХҚКО бөлімін таңдаңыз.
  5. Баж салығын төлеңіз.
  6. Өтінімді растаңыз.

Назар аударыңыз

  • Фото белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.
  • Бұрын берілген жеке куәліктегі фотосуретті пайдалануға болады, егер құжат үш жылдан аспайтын мерзімде берілсе.
  • Өтінім нәтижесі Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде көрінеді.
  • Дайын құжатты таңдалған ХҚКО-дан жеке куәлікпен барып аласыз.
27 ақпан 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 511
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728