» » ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛҒАН ЖАҢАРУ

ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛҒАН ЖАҢАРУ

Жер аяғы кеңіп, тіршілік атаулы қайта жандана бастаған шақта қазақ жұрты бір-бірімен көрісіп, Наурыз мейрамын қарсы алады. Бұл айда Самарқанның тасы ерігендей адамдардың көңіл мұзы жібіп, өкпе-реніш ұмыт болады. Ұлыстың ұлы күні – тек табиғаттың емес, адамның да ішкі жаңаруына бастайтын рухани кезең.
Соңғы жылдары бұл дәстүр жаңа мазмұнмен толығып келеді. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Наурызнама» онкүндігі мейрамды жүйелі түрде атап өтуге жол ашты. 14- 23 наурыз аралығын қамтитын бұл кезеңнің әр күніне арнайы мазмұн жүктеліп, ұлттық құндылықтарды жаңаша дәріптеу үрдісі қалыптасты. Көрісу, қайырымдылық, мәдениет пен салт-дәстүр, шаңырақ, ұлттық киім, жаңару, ұлттық спорт, ынтымақ, жыл басы және тазару күндері халықтың дүниетанымы мен өмір салтын айшықтайды.
Осы онкүндіктің алтыншы күні – Жаңару күні. Бұл күн тек табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін мезгілі ғана емес, сонымен қатар қоғамның да серпіліс алып, жаңа тынысқа бет бұратын ерекше кезеңін білдіреді. Көктемнің шуақты күндерімен бірге адамдардың да көңілі жаңарып, айналасына деген жауапкершілігі арта түседі. Жаңару – тазалық пен тәртіптің, бірлік пен игі бастамалардың символына айналған маңызды күндердің бірі.
Осыған орай аудан аумағында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, бұл игі іске аудан тұрғындары ерекше белсенділікпен атсалысты. Тазалық шарасы ауданның барлық елді мекендерін қамтып, оған мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары, жастар, еріктілер және қарапайым тұрғындар бір кісідей жұмылды. Бұл – туған жерге деген жанашырлықтың, ортақ іске деген жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.
Сенбілікте көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, саябақтар мен аулалар ретке келтірілді. Жол жиегіндегі қоқыстар жиналып, арық-атыздар тазаланды. Сонымен қатар ағаштар әктеліп, жасыл желектерді күтіпбаптау жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар ауданның көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыруға үлкен септігін тигізді.
Жаңару күні аясында аудан тұрғындары туған жердің тазалығы мен көркеюіне бейжай қарамай, өз үлестерін қосуға тырысты. Әсіресе жастар мен еріктілердің белсенділігі ерекше байқалды. Олар тазалық жұмыстарымен қатар, айналаны қорғау, табиғатты аялау туралы насихат жұмыстарын да жүргізді.
Мұндай игі шаралар тек бір күнмен шектелмей, алдағы уақытта да жалғасын табады. Тазалық – бір реттік акция емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға және ауданның көркеюіне оң ықпал ететін болады.
«ҚТ» ақпарат
23 наурыз 2026 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 689
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031