Топ-баннер
Топ-баннер2
» » АЛЫП ҚАШУ САЛДАРЫНАН САҚТАНУ

АЛЫП ҚАШУ САЛДАРЫНАН САҚТАНУ

Егер сізді некеге тұруға мәжбүрлесе, не істеу керек?
Некеге тұруға мәжбүрлеу, оның ішінде ұрлау, қорқыту, қысым көрсету, бопсалау немесе күш қолдану арқылы жүзеге асырылатын істер – қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады және адам құқықтарын өрескел бұзу болып саналады.
Есте сақтаңыз:
– неке тек ерікті келісім негізінде ғана жасалады;
– дәстүр, салт-дәстүр немесе туыстардың пікірі зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеуді ақтамайды;
– сіз кез келген уақытта некеден бас тартуға құқылысыз.
Егер ұрлау немесе қысым көрсету қаупі болса:
– алдын ала қауіпсіздік жоспарын және жүгінуге болатын қауіпсіз орынды ойластырыңыз;
– қауіп туралы жақындарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге, оқытушыларыңызға хабарлаңыз;
– әрдайым өзіңізбен бірге телефон, құжаттар және жедел қызметтердің байланыс нөмірлерін алып жүріңіз;
– қауіп, қысым көрсету немесе алып кетуге әрекет ету белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға (102) хабарласыңыз.
Егер ұрлау немесе мәжбүрлеу орын алып қойған жағдайда:
– кез келген мүмкіндік болған кезде полициядан, медицина қызметкерлерінен, көршілерден, кездейсоқ адамдардан көмек сұраңыз;
– некеге келісім бермейтініңізді нақты және дауыстап айтыңыз;
– дене жарақаты келтірілген жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке (103) жүгініп, жарақаттарды тіркетіңіз;
– ұрлауға немесе қысым көрсетуге қатысқан тұлғалардың деректерін есте сақтауға немесе тіркеуге тырысыңыз.
Полицияға жүгіну тәртібі:
– некеге тұруға мәжбүрлеу немесе ұрлау фактісі бойынша өтініш беріңіз; – мән-жайларды, қорқытуды, зорлық-зомбылықты толық сипаттап, куәларды көрсетіңіз; – жүгінген кезде сізге талон-хабарлама беруге міндетті.
Заң бойынша жауаптылық:
Некеге тұруға мәжбүрлеу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, яғни айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы бар. Неғұрлым қатаң жаза мынадай жағдайларда көзделеді, егер әрекет:
– күш қолдану арқылы жасалса;
– кәмелетке толмағанға қатысты жасалса;
– адамдар тобы арқылы жасалса;
– тәуелділік немесе қызметтік жағдайды пайдалану арқылы жасалса;
– әрекеттер ауыр зардаптарға әкеп соқса ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді.
Есте сақтаңыз:
Сіз қудалауға, қысым көрсетуге немесе зорлықзомбылыққа төзуге міндетті емессіз. Заң сіздің жағыңызда. Көмек сұрау – ұят емес, бұл сіздің өміріңіз бен бостандығыңызды қорғау.
Қармақшы аудандық полиция бөлімі
06 наурыз 2026 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031