Топ-баннер
» » АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӘЛЕУЕТІ – ЖЕРГІЛІКТІ ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӘЛЕУЕТІ – ЖЕРГІЛІКТІ ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Үкіметтік емес ұйымдар – халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізетін, қоғамдық пікір қалыптастыратын және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын маңызды институт. Осы орайда «Руханият орталығы» ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың қатысуымен «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті арқылы жергілікті қоғамдастықтардың қызметін дамыту» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Жарылқасынқызы, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің» басшысы, Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы, Жалағаш және Сырдария аудандарынан келген қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, кент, ауылдық округ әкімдері мен аудан аумағындағы үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен мүшелері қатысты.
Кездесуді Диас Асылбекұлы ашып, азаматтық қоғам институттарының жергілікті дамудағы маңыздылығына тоқталды.
– Қазіргі қоғамның орнықты дамуы мемлекет пен азаматтық институттар арасындағы өзара сенім, ашық қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Осы тұрғыда үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық мүддені қозғап, халықтың үнін, сұранысын билікке жеткізетін маңызды институт ретінде рөл атқарады. Ауданымызда бүгінде барлығы 48 ҮЕҰ тіркелген. Сонымен қатар, ардагерлер мен әйелдер кеңестерінің ауылдық жерлердегі 28 бастауыш ұйымы қоғамдық негізде жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге белсенді атсалысып келеді, – деді ол.
Жиында 4-деңгейлі бюджет аясында жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін арттыру мәселесі де кеңінен талқыланды. Бұл тетік ауылдық округтерге өзекті мәселелерді дербес шешуге мүмкіндік беріп, тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын күшейтеді. Азаматтық қоғам институттарының осы бағыттағы белсенділігі жергілікті бастамалардың тиімді жүзеге асуына жол ашады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары, отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық жұмысын дамыту бағытында бірқатар мазмұнды баяндама жасалды.
Сонымен қатар, елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында 2026 жылғы 15-наурызда өтетін республикалық референдумға азаматтық қоғам институттарының белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті қоғамдастық өкілдерін тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және саналы таңдау жасауына ықпал етуге шақырылды.
Азаматтық қоғам – мемлекет пен халық арасындағы сенімді көпір. Сондықтан өңірдегі ҮЕҰ әлеуетін дамыту, олардың бастамаларын қолдау және қоғам игілігі үшін тиімді жобаларды жүзеге асыру – ортақ міндет. Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту – ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырудың және азаматтарды жергілікті даму үдерістеріне белсенді қатысуға тартудың маңызды факторы болмақ.
Кездесу қоғам мен билік арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, сындарлы диалог қалыптастыруға және ортақ міндеттерді бірлесе іске асыруға жол ашты.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
26 ақпан 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 498
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728