» » ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясының отырысы өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев төрағалық етті.
Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім, мекеме басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, сонымен қатар аудандық денсаулық, білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымдары қатысты.
Күн тәртібіне орай «Еңбек қатерлер картасына енгізілген кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыстар, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы» мәселе қаралып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов хабарлама жасады.
Қаралған мәселеге байланысты талқылаулар жүргізілді.
Комиссия отырысын қорытындылаған Диас Асылбекұлы айтылған ұсыныспікірлерді ескере отырып, тиісті мекеме, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
«ҚТ» ақпарат
25 ақпан 2026 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 169

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930