» » АУДАН БЮДЖЕТІ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

АУДАН БЮДЖЕТІ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Бейсенбіде Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов жүргізді. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов пен кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе – «Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19-желтоқсандағы №352 «2026- 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы болды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла хабарлама жасады. Ол өз сөзінде алдағы үш жылға жоспарланған бюджет параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің себептері мен маңызын тарқатып айтып, қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына баса назар аударды.
Кеңес мүшелері ұсынылған жоба бойынша пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаларға арналды. Бұл жөнінде аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов хабарлап, реформаның негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Жаңа Конституция мемлекетіміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамы болып табылады. Реформалар билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға бағытталған.
Отырыс қорытындысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданып, алдағы уақытта да қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты жалғастыру қажеттігі айтылды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
15 ақпан 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930