» » БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ - БАСТЫ МІНДЕТ

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ - БАСТЫ МІНДЕТ


"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-30 қаңтар аралығында «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде № 121 орта мектебінде «Балалар құқығы - басты міндет» тақырыбында мектеп кітапханашылары Г. Жүсіпова және А. Айтбаевалар көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына таныстырылды.

Көрменің басты мақсаты – білім алушылардың бала құқықтары жөніндегі түсінігін кеңейту, олардың заңмен қорғалатынын ұғындыру және әрбір баланың қоғамдағы орны мен құндылығын дәріптеу.

Көрме арқылы оқушылар өз құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұмат алып, заң талаптарын білу мен сақтаудың маңыздылығын тереңірек түсінді.

Іс-шара барысында кітапханашылар көрмені таныстыру жұмыстарын жүргізіп, бала құқығын қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар әрбір баланың қауіпсіз ортада білім алып, өз ойын еркін білдіруге, дамуға және қорғалуына толық құқығы бар екенін кеңінен насихаттады.

Аталған көрме оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге, сондай-ақ заңға құрметпен қарауға бағытталған маңызды тәрбиелік шаралардың бірі болды.

14 қаңтар 2026 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930