БАЙҚОҢЫРДА ҚЫЛМЫС 5 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
Өткен жылдың 24-желтоқсанында Байқоңыр қаласының прокуроры Шыңғыс Есжанов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, депутаттар және мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен есепті кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.
не құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүзеге асырылған шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер айтылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.
Жалпы қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 202- ден 192-ге немесе 5 пайызға төмендеді.
Төмендеген қылмыстар: аса ауыр қылмыс 100 пайыз (3-тен 0-ге), ауыр қылмыстар 3 пайыз (63-тен 61-ге), онша ауыр емес қылмыс 39 пайыз (34-тен 24-ке), ұрлық 11 пайыз (54-тен 48-ге), жол-көлік оқиғасы 33 пайыз (3-тен 2-ге), алаяқтық 23 пайыз (67- ден 52-ге), соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар 50 пайыз (20-дан 10-ға), мас күйде жасалған қылмыстар 26 пайыз (23-тен 17-ге), топпен жасалған қылмыстар 63 пайыз (19-дан 7-ге), зорлау 100 пайыз (2-ден 0-ге), есірткі қылмыстар 7 пайыз (15-тен 14-ке), он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру 5 есеге (5-тен 0-ге), қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 6 пайыз (35-тен 33-ке) төмендеген.
Өсім алған қылмыстар: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 75 пайыз (4-тен 7-ге), денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру 14 пайыз (7-ден 8-ге), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру 66 пайыз (3-тен 5-ке), отбасылық тұрмыстық саладағы қылмыстар 22 пайыз (22-ден 27-ге), тонау 5 есеге (0-ден 5-ке), интернет-алаяқтық 2,5 есеге (13-тен 34-ке), кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыстар 85 пайыз (7-ден 13-ке), бұзақылық 3,5 есеге (3- тен 11-ге), кәмелет жасына толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 66 пайыз (9-дан 15-ке), қарақшылық 100 пайыз (0-ден 1-ге), қорқытып алу 100 пайыз (0-ден 1-ге), ұрып-соғу 100 пайыз (4-тен 8-ге) өскен.
«Заң мен тәртіп» идеологиясы және «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі», «Киберволонтер», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» жобалары аясында 170-тен астам профилактикалық шаралар жүргізіліп, 7 мыңнан аса адам қамтылды.
Сонымен қатар, облыс прокуроры Р.Ожаровтың бастамасымен алаяқтық қылмыстармен күресуге және олардың алдын алуға арналған «IT TERGEU» жобасы жүзеге асырылды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде қадағалау аумағындағы білім беру ұйымының қызметкерлері 52 млн теңге мемлекет қаржысын жымқырғаны анықталып, ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша тергелді.
Бүгінгі күні кінәлі 7 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Мемлекетке 9 млн теңге өндірілді.
Әлеуметтік-экономика саласы бойынша 1 тексеру, 39 талдау жүргізіліп, 28 ұсыну бойынша 662 адамның құқықтары қорғалып, 16 тұлға әкімшілік, 89 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік бюджетке 12,9 млн теңге өндірілді. 1 азамат заңсыз ұсталған жерден босатылды. Азаптаулардың алдын алу үшін «кезекші прокурордың сенім телефоны» тәулік бойы жұмыс істейді.
Сонымен қатар 23-маусымда «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданды. Осы құқықтық шара аясында заңнаманың сақталуы қамтамасыз етіліп, 20 қылмыстық іс бойынша 20 күдікті рақымшылық бойынша жауаптылықтан босатылса, пробация есебінде тұрған 30 адамға рақымшылық жасалып, 15 адам босатылды.
Бүгінгі күні алимент бойынша 25 қаскөй борышкердің 27 млн теңгеге қарызы қалыптасқан. Есепті кезеңде 3 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылса, алимент бойынша 6,5 млн теңге, мемлекет пайдасына 11,8 млн өндірілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен 16 тұлға әкімшілік жауаптылыққа, 2 тұлға ҚР Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Алдағы кезеңде Байқоңыр қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
Байқоңыр қалалық прокуратурасы

















