» » ҚАРЫЗСЫЗ ӨМІР – ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

ҚАРЫЗСЫЗ ӨМІР – ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде екінің бірінде несие бар. Бірі – тұрмысын түзету үшін, бірі – көлік міну мақсатында, енді бірі шағын бизнесін дамыту ниетімен банк есігін қағады. Алғашында қолда бардай көрінген қарыз уақыт өте келе иыққа артылған ауыр жүкке, тіпті қинайтын қамытқа айналып жатқаны да шындық.
Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы қыркүйек айында еліміздегі несие портфелінің көлемі 45,7 трлн теңгеден асып түсті. Соның басым бөлігі – халыққа берілген қарыз. Қарызсыз өмір сүру бүгінде көпшілік үшін арманға айналғанымен, оған жету үшін қаржылық сауат пен дұрыс жоспар аса қажет.
Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше назар аударып келеді. Биылғы Жолдауында Президент халық табысын арттырумен қатар, қаржылық сауаттылықты күшейту қажеттігін атап өтті.
– Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі әлі де өзекті. Осы орайда «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асқан «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастыру қажет. Былтыр бұл жоба аясында 845 мың адам заңгерлік және қаржылық кеңес алып, өз сауатын жетілдірді. Түпкі мақсат – халықтың қарызын азайту ғана емес, табысының тұрақты болуын қамтамасыз ету, – деді Мемлекет басшысы.
Қазіргі таңда ел азаматтары банктерден кепілсіз, кепілді, ипотекалық және тұтынушылық несие рәсімдей алады. Алайда басты шарт – төлем қабілеттілігі мен несиелік тарихтың тазалығы. «Қара тізімге» ілінбеу – әрбір қарыз алушы үшін маңызды. Бұл тұрғыда банктердің де өз ұстанымы бар, табысы жоқ адамға несие беру – үлкен тәуекел. Сондықтан қаржылық сауаттылықты арттыру тек азаматқа емес, қаржы ұйымдарына да тиімді.
Цифрлық технология дамыған сайын интернеталаяқтық та көбейіп келеді. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2023 жылы елімізде 21 630 интернеталаяқтық фактісі тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 22 560-қа жеткен. Ал биылғы тоғыз айдың өзінде 11,6 мың жағдай анықталған.
Алаяқтар әлеуметтік желі, телефон қоңыраулары мен жалған сайттар арқылы азаматтарды алдап банк, деректерін қолға түсіреді.
Осы қауіптің алдын алу мақсатында eGov.kz порталы арқылы өз атына несие рәсімдеуге уақытша тыйым салу қызметі іске қосылды. Бұл – азаматтардың жеке қаржысын қорғаудағы тиімді құралдардың бірі.
Қуантарлығы, соңғы жылдары халықтың қаржылық сауаты біртіндеп артып келеді. FinGramota.kz, Gogamfin. kz секілді ақпараттық порталдар, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен «Даму» қоры арқылы кәсіп жүргізу, жинақ қалыптастыру, қаржыны тиімді басқару жөнінде кеңестер беріліп жүр.
Былтыр банкроттық туралы заң аясында 83 057 өтініш тіркелсе, 2025 жылдың алғашқы бес айында 77 106 азамат қаржылық сауықтыру рәсіміне жүгінген. Бұл – жұртшылықтың өз қаржысына жауапкершілікпен қарап, қарызды басқару мәдениетіне бет бұра бастағанының айқын көрінісі. Иә, қарыз – мәселені уақытша шешуі мүмкін, ал қаржылық сауат – тұрақты әрі қарызсыз өмірге бастайтын басты құрал. Ең бастысы, әрбір азамат табыс пен шығынды тең ұстап, қаржылық шешімді салмақпен қабылдай білсе, несие қамыт емес, қажетті құралға айнлары сөзсіз.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ

29 желтоқсан 2025 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 147
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031