» » «Amanat» партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында қаржылық сауаттылық курсы бастау алды

«Amanat» партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында қаржылық сауаттылық курсы бастау алды

2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімді тұстарын атап өтіп, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында оны жүзеге асыруды тапсырды.
2024 жылдың басынан бері «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізілуде.
Бүгін аудан орталығында басталған жобаға партияның аудандық филиалының төрағасы Ә.Қошалақов қатысты.
«АМАNАТ» партиясы «Halyk Bank» банкімен бірселіп, өткен жылы еліміздің 8 өңірінде азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосып, 65 мыңнан астам азаматты қаржылық сауаттын жетілдіру курстарынан өткізуге үлес қосқан болатын.
Осы орайда тиісті органдармен арнайы меморандум әзірленіп, 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы және Микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы жобаны іске асыруға қосылды. Азаматтарға консультациялық көмек көрсету үшін барлық өңірде «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселері құрылды.
Атап өтетін мәселе, «Қарызсыз қоғам» жобасының қатысушылары қаржы кеңесшілерінің дәрістерінен бөлек, enbek.kz порталына тіркелу мен жеке кәсіп ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін жасауға дейінгі көптеген сұрақтар бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ, оқу процесіне қатысушыларға заңгерлердің де көмегі беріледі. Олар әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді.
Атап өтейік бұл аптада жоба аясында Қармақшы ауданы бойынша алғашқы 50 азамат дәріс алуды бастады. Кез - келген азамат курсқа жазылу үшін «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласуға болады.
Оқу күндізгі форматта, бір топта 60-70 адамға дейін оқытылады.
Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күн.
09 шілде 2024 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30