» » «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті

«Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті

qarmaqshy-tany.kz ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жариялады. Онда қоғамда болып жатқан біршама мәселенің тінін тарқатып, нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ Президент азаматтардың қаржы сауатын арттыру бойынша «AМАNAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті.
«...Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AМАNAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Жасыратыны жоқ, көп отандастарымыз қаржыны қалай басқару керегін, «несие» ұғымының астарында не жатқанын нақты біле бермейді. Соның салдарынан адамдардың банк пен микроқаржы ұйымдарына берешектері көп. Аталған жоба аясында адамдар бизнес жоспар құруға, жеке және отбасылық бюджеттің құрастырылуын, қаржылық мақсаттарды дұрыс қою мен оған жету үшін жасалатын қадамдарды үйреніп шығады.
Дастан БУХАНОВ,
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының
атқарушы хатшысы
02 қыркүйек 2023 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 215
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031