» » Қауіпсіз ойыншықтарды бірге таңдаймыз

Қауіпсіз ойыншықтарды бірге таңдаймыз


Ойыншықтар қауіпсіздігі Кеден Одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен реттеледі. Сондай-ақ, еліміздің «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Заңының 7-бабында ойыншықтардың сыртында өнімді дайындаушы, тауар белгісі, ойыншық атауы, дайындалған күні мен өндірген мемлекеттің аты, қолданылу шарттары, пайдалану жөніндегі нұс-қаулықтары көрсетілуі тиіс екені айтылған. Егер сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болмаса, ондай ойыншықты сатып алудың қажеті жоқ.
Ойыншық таңдау кезінде оның түріне, иісіне, боялуына мән берген жөн. Оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз, егер сүлгі немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықтан бас тартыңыз. Ойыншықтар жасалатын материалдар пайдалануға рұқсат етілген материал болуы тиіс.
Ойыншықтардың қорғаныс-декоративті жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне тұрақты болуы керек. Ойыншық бөлшектері функционалды механикалық ауыртпалықтарға төзімді болуы қажет. Ойыншықтың жиектері, өткір ұштары, қатты бөлшектері, серіппелері, бекітуші бөлшектері, саңылаулары, бұрыштары, баулары, арқандары мен бекіткіштері балаға зақым келтіру қаупін тудырмауы керек. Ойыншықтар өрт және жарылысқа қауіпсіз болуы шарт.️
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
27 қараша 2025 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 230
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031