» » ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ


"AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасын облыс бойынша іске асыруға бағытталған Жол картасында Емдеу ұйымдарының қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі және олардың жабдықталуына партиялық бақылау жасау көзделген.

Бүгін "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Қармақшы аудандық орталық ауруханасында болып, тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі мен емдеу ұйымының жабдықталуына мониторинг жасады.

Партиялық мониторингке "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Қармақшы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев тұтынушылар eGov mobile мобильді қолданбасындағы e-Densaulyq сервисі арқылы QR-код көрсетіп, дәрі-дәрмекті ала алатындығын атап өтті.

Сондай-ақ мониторингтік топ мүшелері жұмысты жетілдіру, қаражаттың мақсатты жұмсалуы, халыққа қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығын болдырмау бағытында өз ұсыныстарын айтты.

18 қараша 2025 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031