Құрылтай
» » ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ


"AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасын облыс бойынша іске асыруға бағытталған Жол картасында Емдеу ұйымдарының қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі және олардың жабдықталуына партиялық бақылау жасау көзделген.

"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасында болып, тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен
жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі мен емдеу ұйымының жабдықталуына мониторинг жасады.

Партиялық мониторингке "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, комиссия мүшелері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Дәріхана меңгерушісі Бақытбек Нұртаев тұтынушылар eGov mobile мобильді қолданбасындағы e-Densaulyq сервисі арқылы QR-код көрсетіп, дәрі-дәрмекті ала алатындығын атап өтті.

Сондай-ақ мониторингтік топ мүшелері жұмысты жетілдіру, қаражаттың мақсатты жұмсалуы, халыққа қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығын болдырмау бағытында өз ұсыныстарын айтты.
14 қараша 2025 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31