» » АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ

Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік әділет институты іске асырылып, ол бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, әкімшілік соттар өз қызметін бастаған болатын. Содан бері әкімшілік соттардың өз жұмыстарын бастап, тиімді жұмыстар атқарылып келеді.
Әкімшілік соттардың, әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшелігі – мемлекеттік басқару жүйесінде заңдылықтың сақталуын бақылау, яғни басқару қатынастарынан туындайтын жарияқұқықтық дауларды қарау және шешудің ерекше процесін жүзеге асыру арқылы азаматтардың, басқа да ұйымдардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады.
Осы тұрғыда, осы жылдың 1 наурызынан бастап әкімшілік талап қоюлардың аумақтан тыс соттылық, яғни эксаумақтық соттылық бойынша қаралуы жүзеге асырыла бастады. Бұл дегеніміз – заңда белгіленген істердің жекелеген санаттарының қаралу тәртібін қоспағанда, талап қоюшы сотқа әкімшілік талап қоюды жолдай отырып, соттың іс жүргізуіндегі әкімшілік істер бойынша, әкімшілік істі сот талқылауына тағайындағанға дейін эксаумақтық соттылықты таңдайтыны жөнінде өтініш бере алады.
Эксаумақтық соттылықты таңдау талап қоюшыға мынадай мүмкіндіктер береді. Мәселен, талап қоюшыға қолайлылық туғызады, жауапкер тарапынан қысым қаупін төмендету, яғни таңдалған соттың ісәрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органның қашықтығы, сондай-ақ сот жүктемесін жеңілдетуге мол септігін тигізеді.
Аумақтан тыс соттылық – инвесторлардың дауына, әскери соттардың соттылығына жататын істерге, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерге, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде шығарылған әкімшілік актілерге және электрондық құжат нысанындағы шығарылған әкімшілік актілерге дау айту туралы істерге қолданылмайды.
Е.МӘТЖАНОВ,
аудандық сот әкімшісінің басшысы
17 қараша 2025 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930