» » АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ – ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ – ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының барысына арналған жұмыс кеңесі өтті. Жиынға ауданға қарасты барлық кент және ауылдық округтердің учаскелік полиция қызметкерлері, сондай-ақ жауапты мекеме басшылары қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – әскер қатарына шақыру жұмыстарының уақытылы әрі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жауапты құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту болды.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев науқанның маңыздылығына тоқталып, әскери міндетті азаматтармен жұмыс барысында тәртіп пен жауапкершіліктің басты орында болуы керектігін атап өтті. Ол әсіресе биылғы жылы енгізілген бірқатар жаңалық пен өзгерістердің қатаң сақталуы тиіс екенін жеткізді.
Кеңес барысында қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Жандос Бекмұрзаев және аудандық полиция бөлім бастығының орынбасары Оспан Ешжанов баяндама жасады. Олар шақыру науқаны кезінде атқарылатын жұмыстардың кезең-кезеңімен жүргізілуі, шақыру учаскелеріндегі есепқисаптардың дұрыстығы, медициналық тексерулердің толық қамтылуы және азаматтармен түсіндіру шаралары туралы жанжақты ақпарат берді.
Жиында жауапты мамандар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексіндегі бірқатар баптарды тарқатып түсіндірді. Атап айтқанда, 493-бап – тұрғынжай меншік иелерінің нақты тұрмайтын азаматтарды тіркеуге жол беруі. Бұл құқықбұзушылық тұрғындарды жалған мекенжайға тіркеу фактілерін болдырмауға бағытталған. 647-бап – азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерін орындамауы. Әскери есепте тұру – әрбір міндетті азаматтың заңды борышы. 648-бап – медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару. Әскери қызметке жарамдылықты анықтау үшін медициналық комиссиядан өту – міндетті талап. Бұл баптарға қатысты түсіндіру жұмыстары барысында мамандар міндеттемелерді орындамаған жағдайда қолданылатын жауапкершілік түрлеріне тоқталды. Заң талаптарын елемеу тек әкімшілік айыппұлмен шектелмей, кей жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке де әкелуі мүмкін екені жеткізілді.
Жиналыс соңында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев барлық қатысушыға нақты тапсырмалар жүктеп, науқан барысында олқылықтарға жол бермеуді қатаң ескертті. Әскери қызметке шақыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ал жауапты органдар азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, уақытылы медициналық тексеруден өтіп, әскери есепке қойылу бойынша міндеттерін орындауға шақырады.
«ҚТ» АҚПАРАТ

16 қараша 2025 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 905
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 607

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930