» » ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН САПА – НЕГІЗГІ ТАЛАП

ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН САПА – НЕГІЗГІ ТАЛАП

Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов жұмыс сапарымен Төретам кентіне барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардағы және кент көшелеріндегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын қарап шықты. Сапардың негізгі мақсаты – абаттандыру, санитарлық тазалық, жол инфрақұрылымы және инженерлік желілер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылау, сондай-ақ алдағы жоспарларды нақтылау болды.
Алдымен ол Жанқожа батыр, Жәрімбет би және Мұратбаев көшелерінің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта аталған аумақтарда жаяу жүргіншілер жолын салу, жол полотносын кеңейту және асфальт жабындысын жаңарту бойынша жоспарлар іске асырылуда.
Шыңғыс Әбділәмитұлы тиісті бөлім басшыларына жобалық-сметалық құжаттаманы жедел әзірлеуді, көшелерді абаттандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды тапсырды.
Сонымен қатар кенттің сыртқы аумағын санитарлық талаптарға сәйкестендіру, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы тазалау және көгалдандыру шараларын күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар, кент аумағындағы электр энергиясы желілері, бағаналардың орналасу талаптарына сәйкестігі және «Қазақтелеком» мекемесіне тиесілі телекоммуникациялық тіректердің дұрыстығы тексерілді. Аудан әкімінің орынбасары жауапты мекемелерге бағаналардың орналасу арақашықтығын, қауіпсіздік нормаларын және эстетикалық талаптарды сақтау жөнінде зерделеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
Сапар барысында аудандық маңызы бар «Төретам – Ақай» бағытындағы (ұзындығы 5,3 км) автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарымен танысу да күн тәртібінде болды. Шыңғыс Сыдықов мердігер мекемеге жөндеу сапасын қатаң бақылауда ұстауды, жұмыстардың мерзімінде аяқталуын және техникалық талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Төретам кентіндегі теміржол вокзалының аумағы да жаңаша келбетке ие болу үстінде. Аудан әкімінің орынбасары вокзал ғимараты мен маңындағы абаттандыру, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын жаңарту, демалыс аймақтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың барысын қарап, нысанның күрделі жөндеу процесін бақылауға алды. Бұл жұмыстар аяқталған соң вокзал маңы тұрғындар мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы инфрақұрылымға айналмақ.
Жұмыс сапары қорытындысында Шыңғыс Әбділәмитұлы тиісті бөлім басшылары мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар беріп, барлық жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ әр нысан бойынша жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу, жол және инженерлік инфрақұрылымның сапасын басты назарда ұстау тапсырылды.
16 қараша 2025 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 905
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 607

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930