» » ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ

ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ

Тіл – халықтың жаны, елдің бостандығы, оның ұлттық ұлылығын бейнелейтін, ұлттың қадір-қасиетін, ұлттық қазынаның өзегін анықтайтын рухани негіз және басты күш. Тіл – ұлттық болмысты бейнелейтін және халықты бірлікке шақыратын біріктіруші құрал. Сондықтан мемлекеттік тілді білу өмірдің қажеттілігі, дәуірдің қажеттілігі, қоғам қажеттілігі екенін мойындаған жөн.
Мемлекеттік тіл қазақ тілі елдің барлық азаматтары үшін ұлты мен нәсіліне қарамай, өзекті тілге айналуы тиіс. Бұған дәлел, мысалы, әрбір өркениетті елде мемлекеттік тілдердің басым болып табылатындығын байқауға болады. Бұл елдің барлық азаматтары бір тілде сөйлейді.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жыл санап ұлғайып келеді. Мемлекеттік органдар, оқу ордалары, қоғамдық орындарда тіліміздің қолданыс кеңістігін ұлғайту үшін жағдайлар жасалуда.
Егер бір шаңырақ астында тату-тәтті тұратын түрлі этнос өкілдерінің қазақ тілін жалпыға бірдей меңгеру үшін барлық күш-жігер жұмсалса, онда «бір ұлт – бір ел» ұстанымы жүзеге асырылады.
Қазақ тілі өмірдің барлық салаларында үстемдік етеді, барлық жерде қарым-қатынас тіліне айналады. Бұл, әрине, біздің мемлекетіміздің маңызды жетістігі болмақ. Біздің егемендігіміз, тәуелсіздігіміз ақыры ұлтты біріктіретін құндылыққа ие. Бұл біздің мемлекетіміздің егемендігінің тәжіндегі басты гауһар. Біздің әрқайсысымызда сарқылмас энергия, жарқын ой мен жақсы ниет болуы керек.
С.ҚОЖАБАЕВ,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы-сот
отырысының хатшысы
06 қараша 2025 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031