» » ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР – ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫНА БАЛТА

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР – ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫНА БАЛТА

Бүгінгі қоғамда жастардың бойында зиянды әдеттерге әуестік артып бара жатқаны жасырын емес. Темекі тарту, ішімдік ішу, есірткіге елігу, интернет пен ойынға тәуелді болу – жас ұрпақтың денсаулығына ғана емес, рухани дүниесіне де зор зиян тигізіп отыр.
Жаратушы Құран Кәрімде: «Өз қолдарыңмен өздеріңді қауіп-қатерге салмаңдар…» дейді. Бұл аятта адам баласына өз денесін, ақылын, өмірін қорғау міндеттеледі. Зиянды әдеттердің барлығы – осы аманатқа қиянат. Себебі денсаулық – Құдайдың берген ең ұлы нығметтерінің бірі.
Пайғамбарымыз өз хадисінде: «Екі нығмет бар, көпшілік адам қадірін білмейді: бос уақыт пен денсаулық» – деген (Бухари риуаят еткен). Демек, денсаулық пен уақытты дұрыс пайдаланбау – адамның өз өмірін зая кетіруі.
Зиянды әдетке берілген адам тек өзіне емес, қоғамға да зиян келтіреді. Темекі мен ішімдік – адам ағзасын әлсіретіп, түрлі дертке жол ашады. Ойынқұмарлық пен әлеуметтік желіге тәуелділік – уақытты ұрлап, отбасылық байланыстарды әлсіретеді.
Жастарымызға айтар кеңесіміз: алдымен ниетті түзеу, одан кейін намазға жақындау, яғни құлшылық адамды жаман істерден тыяды. Жақсы орта құру. Пайғамбарымыз айтқандай: «Адам – досының дінінде». Уақытты пайдалы өткізу, яғни спортпен шұғылдану, кітап оқу, мешіт дәрістеріне қатысу – рухты күшейтеді.
Жастар – ұлттың болашағы, үмметтің үміті. Зиянды әдетке ерген әрбір жас – өз болашағына балта шабады. Сондықтан ата-ана да, ұстаз да, дін қызметкері де жастардың тәрбиесіне бейжай қарамауы тиіс.
Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы
27 қазан 2025 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930