» » ҚОРҚОР – СӘН ЕМЕС, ҚАУІП

ҚОРҚОР – СӘН ЕМЕС, ҚАУІП

Қазіргі таңда жастар арасында кеңінен таралған зиянды әдеттердің бірі – қорқор (кальян) шегу. Әлеуметтік желілер мен жастар бас қосатын орындарда қорқор шегуді сәнге айналдырған жағдайлар жиі кездесуде. Алайда бұл – тек сән немесе ермек емес, денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін әдет.
Қорқордың түтіні бірнеше деңгейлі сүзгіден өтсе де, құрамында улы заттар – никотин, көміртегі тотығы, ауыр металдар және канцерогендер сақталады. Бір сағат бойы қорқор шеккен адам орта есеппен 100-200 рет, темекі тартқаннан да көп мөлшерде түтін жұтады. Бұл – өкпе, жүрек-қан тамырлары, асқазан және тыныс алу жүйелеріне орасан зор зиян келтіреді. Сонымен қатар бір мундштукты бөлісіп тарту кезінде гепатит, туберкулез және басқа да жұқпалы аурулардың таралу қаупі жоғары.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы бұл мәселеге бейжай қарамай, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Орталық қызметкерлері мен еріктілер мектептер мен колледжде, ауылдық округтерде арнайы дәріс пен тренингтер, ашық пікірталас, түнгі рейдтік жұмыстар, сонымен қатар түсіндірме жұмысын ұйымдастыруда.
Біздің мақсатымыз – жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына жол ашу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету. Қорқор уақытша ермек болуы мүмкін, бірақ оның салдары өмірлік мәселеге айналуы ғажап емес.
Сондықтан аудандық Жастар ресурстық орталығы барша жас буынды саналы таңдау жасауға, қорқор мен өзге де зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырады. Бүгінгі әрекетіңіз – ертеңгі денсаулығыңыздың кепілі.
Айгерім ПАНАБЕКҚЫЗЫ,
аудандық Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі
21 шілде 2025 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031