» » ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Қармақшы ауданындағы Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзивті спорт фестивалі өткізілді.

Шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау, денсаулық пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Фестивальдің ашылуында «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Ә. Қошалақов құттықтау сөз сөйлеп, бұл шараның балалардың әлеуетін арттырып, қоғамдағы тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар түрлі спорттық ойындарға қатысып, жарыс соңында жеңімпаздар мен белсенділерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай игі бастамалар қоғамда инклюзия мәдениетін дамытуға,
барша азаматтарға бірдей мүмкіндік жасауға жол ашады.


25 қазан 2025 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031