» » "КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК": ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

"КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК": ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА


Бүгін “AMANAT” партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектептегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған арнайы инклюзивті кабинеттің жұмысымен танысу мақсатында партиялық мониторинг жүргізілді.

Арнайы кабинеттің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жүйелі педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету. Сондай-ақ, кабинетте баланың эмоционалды, әлеуметтік, интелектуалды мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының қасиеттерін қалыптастыруға жұмыс жасалады.

"Бұл кабинетте балаға түзету-педагогикалық көмек пен жеке дамыту қызметі көрсетіледі. Оқушының танымдық қабілеттерін, сөйлеу ерекшелігін, назарын, еңбекке қабілеттілігін, даму динамикасын, білім деңгейін анықтау, оқу материалын меңгерудегі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттеу, оқушының болашақ дамуын және түзету жұмыстарын таңдау үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі", - деді мектеп директорының міндетін атқарушы Беріккүл Теңізбаева.

Зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ кабинеттің әдістемелік құралдарымен танысып, мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Алдағы уақытта мамандар тарапынан көтерілген мәселелер аудандық білім бөліміне жолданатын болады.
21 ақпан 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 715
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031