» » "Кедергісіз келешек": инклюзивті білім беруді дамыту партия назарында

"Кедергісіз келешек": инклюзивті білім беруді дамыту партия назарында



Бүгін “AMANAT” партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектептегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған арнайы инклюзивті кабинеттің жұмысымен танысу мақсатында партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров және комиссия мүшелері партиялық мониторинг жүргізді.

Арнайы кабинеттің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жүйелі педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету. Сондай-ақ, кабинетте баланың эмоционалды, әлеуметтік, интелектуалды мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының қасиеттерін қалыптастыруға жұмыс жасалады.

"Бұл кабинетте балаға түзету-педагогикалық көмек пен жеке дамыту қызметі көрсетіледі. Оқушының танымдық қабілеттерін, сөйлеу ерекшелігін, назарын, еңбекке қабілеттілігін, даму динамикасын, білім деңгейін анықтау, оқу материалын меңгерудегі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттеу, оқушының болашақ дамуын және түзету жұмыстарын таңдау үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі", - деді мектеп директорының орынбасары Беріккүл Теңізбаева.

Зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ кабинеттің әдістемелік құралдарымен танысып, мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Алдағы уақытта мамандар тарапынан көтерілген мәселелер аудандық білім бөліміне жолданатын болады.
03 қыркүйек 2025 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930