» » АДАМНЫҢ АСЫЛДЫҒЫ – АҢДАҒАНҒА

АДАМНЫҢ АСЫЛДЫҒЫ – АҢДАҒАНҒА

Өмір мен өлім. Біріменбірі қабыспайтын аксиома. Алғашқысынан шыққан адам ерте ме, кеш пе кейінгісіне барады. Иә, адамға салса, оның басқаша болуы мүмкін. Бірақ, ол құдірет адам баласына берілмеген. Тәңірдің айдауымен тағдырыңа көнесің. Өмірден тағы да осы заңдылыққа бағынып, асыл азамат бақилық сапарға аттаныпты.
Нұртілеу Салықов ағамыз!
Мен ауылда емес едім. Бірақ, қазіргі заманда жердің шалғайы мәселе болып па? Қаралы хабарды естідік. «Әттеген-ай» дедік. Алдымызда аға тұтып жүрген азамат еді. Ажалдың арсыздығын талай көргенбіз. Пенденің қолынан өкінгеннен басқа не келеді. Өте ақжарқын, отырған жерінде келелі әңгіме, ойлы әзіл, сүбелі сөз айтатын. Халықтың арасында беделді, ағайынның арасында алалығы жоқ еді. Талай қызметте болды. Абыроймен атқарды. Аудандық мәслихат депутаттығына үзіліссіз 40 жыл бойы сайланған халық қалаулысы. Бір адамның ғұмырына пара-пар уақыт. Ел сенімін арқалап, соның үдесінен шығу үшін қанша күш пен жігер керек екенін есептей беріңіз. Қатардағы оқытушылық жұмыстан бастап, комсомол, партия, шаруашылық, кеңес, әкімдік органдарын басқарды. Осы басшылықта жүргенде қай кезде де өткен тарихқа ден қойып, өнер адамдарын насихаттап, оларды елмен таныстыруда үлкен еңбек жасады. Қарақалпақ еліне Сырдың жырауларын ертіп барып, жыр бұлағынан жергілікті халықты сусындатып, олардың алғысын алып қайтқандарын ұмытқан жоқпыз. Соғыс және еңбек ардагері Бисенбай Қасқырбаевтың мерейтойын аудан көлемінде тойлап, игілікті іс жасап, ұрпаққа үлгі еткені айта жүрер азаматтығы еді. Өткенді тану, оны жаңғырту сана биігіндегі адамдардың жасайтын тірлігі болмақ.
Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Әр мекемеде ардагерлер кеңесінің жұмысының жандануына атсалысты. Облыстық ардагерлерге ауданда үлкен семинар өткізіп, оның жұмысымен таныстырды. Қарттар елдің қазынасы болса, солардың ел өмірінен тыс қалмауы үшін еселі еңбек етті.
Ойы ұшқыр қаламгер болды. Мен кейде таңғалам. Қанша адамның игілікті істері мен адами қасиетін дәл топшылап, ізденіспен жазып шыққан десеңші. Бұл көп адамның қолынан келе бермейді. Соған қарағанда, Нұртілеу ағамыз әр адамның бойындағы асыл қасиеттерді көре білетін және ойына сақтай білген азамат екендігінде. Бұл адам бойындағы асыл қасиеттер тек соны аңдаған жанға ғана көрінеді. Ол үшін әрине, жүйрік таным мен қабілет, асыл ой мен зерделі сана болуы керек. Ағамыз сондай адам болды.
Жеңгеміз Данагүл де есімі елге белгілі Үбісұлтанның немересі. Жарасымды жұп құрды. Қатты қадірлеп, еркелетіп отыратын. Жеңгеміздің сызылта салған әнін сүйсіне тыңдайтын, мақтаныш көретін. Талай зиялы адамдарға ас берген, қонақ күткен, бата алған шаңырақ еді.
Соңғы кездескенім есімде. Мешіттен бір ағамызға ас беріліп, сонда жүздестік. Жүдеңкіреп қалыпты. Ауырып жүргенін білуші едім. Амандасып, жағдайын сұрадым. Сөздің арасында «Аға, үйге барып, хал сұрау ойымда бар еді, бірақ реті келмей сізге соға алмай жүрмін. Сауығып кетуіңізге тілектеспін, айып бізден», – дедім.
– Дастан, інім, сені жақсы білем ғой. Сен, екі рет емес, төрт рет аудандық білім бөлімін басқарсаң да, бір қалыпта болатын адамсың ғой. Мен сенің сөзіңе де, өзіңе де сенемін, – деп арқамнан қағып еді.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болды. «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атанды. Республикалық, облыстық, аудандық сан түрлі марапаттарды иеленген. Екі ұл, екі қыз өсіріп әкелік парызын да адал атқарды.
Адам баласы өмірге сынақ үшін келеді. Тәңірім пендесін бірде беріп сынайды, бірде алып сынайды. Оның бәрін де ағамыз басынан өткерді. Азаматтық тұлғасын аласартпады. Бақыты да, бағы да осы болса керек.
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа, жаныңыз жұмақтан болсын, аға!
Дастан МЫРЗАБЕКҰЛЫ
08 қазан 2025 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 647
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031