» » ӨМІРГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ ОТЫ

ӨМІРГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ ОТЫ

«Спорт – денсаулық кепілі» деген халқымызда кең тараған ұлағатты сөз бар. Бұл деннің саулығы үшін спорттың аса маңыздылығын білдірсе, спорт ерік-жігері мықтылардың ғана бақшасында пісетін жеміс. Бірер сәттік жарыста жеңіп шығуға спортшы қаншама маңдай терін сылып, дайындық жасайды. Айтар сөзге жеңілдеу көрінгенімен, мұның қандай сынақ екенін нағыз спортшыдан артық ешкім де білмейді. Ал оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың әлсіздік пен жалқаулықты көтермейтін спорт әлемінде ойып орын алып жүргендері жүректі тебірентпей қоймайды.
Нақты айтар болсақ, олардың қатарынан жерлесіміз, талай жарыстың мәре сызығын бірінші болып кесіп жүрген белгілі спортшы, табанды азамат Бағдат Елібаевтың есімін мақтанышпен жеткізген болар едік.
Желаяқ жерлесіміз жақында Шымқалада өткен «Shymkent Marathon»-ға қатысып, өз бағын сынаған болатын. 7 мыңға жуық адам қатысқан беделді жарыста тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан мемлекеттерінен де талапкерлер келіп қатынасқан. Айтулы марафонда Бағдат тамаша нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 107, ал 30-39 жас аралығында сынға түскен 485 қатысушының арасынан 29 орын иеленіп, арнайы сертификат және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
– Марафонға өзімізден бөлек, шетелдерден де келіп қатысты. Адам өте көп болды. 10 шақырым қашықтыққа жүгірдік. 43,33 минутта межеленген аралықты еңсердім. Алда тағы да үлкен жарыстар күтіп тұр. 26-қыркүйекте Алматыға жол жүремін. 28-де болатын марафонға қатыспақшымын. Қазан айында Түркістанда өтетін жеңіл атлетикаға қатысуға да тынбай жаттығу жасап жатырмын. Қазіргі мақсатым – осы 2 жарысқа қатысып, Сыр елінің абыройын асқақтату, – дейді ол.

Айта кетейік, спортшы 2020-2022 жылдар аралығында облыс құрамасында болса, елімізден өзге, Италия мемлекеті мен Дубай, Тунис қалаларында болып, Қазақстанның мәртебесін көтерген.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
22 қыркүйек 2025 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930