» » Еліміздің бас қаласында Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Еліміздің бас қаласында Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті



Еліміздің бас қаласында Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке аясында Сыр елінің өнер иелері арқа төсінде мерекелік концертін өткізіп, елордалық көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
Мерекелік кеште ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Медеуова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Бимбетова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері  Ақмарал Ноғайбаева, Рауза Ысқақова, дәстүрлі орындаушы Әділхан Қуаңбаев, «Тұран» триосы және бірқатар өнер жұлдыздары ән шашуын арнап, Сырдың сазды сәлемін көрерменге паш етті.
Сыр елінің бас шаһары елордамен мәдени, рухани үндестікте, байланыста болуы заңды құбылыс. Арқа жұрты Сыр елінің өнерін жылы қабылдап, мәдениет және руханият өкілдеріне ерекше қолдау білдірді. Бұл байланыс болашақта да өзінің өрнекті жалғасын таба бермек.
14 қыркүйек 2025 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930