» » Сыр елінің өнер иелері Арқа төсінде

Сыр елінің өнер иелері Арқа төсінде

Бүгін еліміздің бас қаласында Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке аясында Сыр елінің өнер иелері арқа төсінде мерекелік концертін өткізіп, елордалық көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Мерекелік кеште ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Медеуова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Бимбетова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Ақмарал Ноғайбаева, Рауза Ысқақова, дәстүрлі орындаушы Әділхан Қуаңбаев, «Тұран» триосы және бірқатар өнер жұлдыздары ән шашуын арнап, Сырдың сазды сәлемін көрерменге паш етті.

Сыр елінің бас шаһары елордамен мәдени, рухани үндестікте, байланыста болуы заңды құбылыс. Арқа жұрты Сыр елінің өнерін жылы қабылдап, мәдениет және руханият өкілдеріне ерекше қолдау білдірді. Бұл байланыс болашақта да өзінің өрнекті жалғасын таба бермек.
13 қыркүйек 2025 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930