» » Сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан аулақ бол

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан аулақ бол




2025 жылғы 27 тамызда Байқоңыр қалалық сотының 2025 жылдың 27 тамызындағы үкімімен сотталушы «П» есімді азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 367-бабының 2-бөлігі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық әрекетіне барғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен ұйымдарын реттеу органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру қосымша жазасы мен ұсынылған параның 15 еселенген мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Атап айтқанда, сотталушы өз автокөлігін айыптұрақтан шығару мақсатында шетел мемлекетінің құқық қорғау органы қызметкеріне 200 000 теңге пара беруге әрекет жасаған. Алайда заңсыз ұсыныс дер кезінде әшкереленіп, қылмыстық іс қозғалды.

Пара берген үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабында ең ауыр жаза ретінде – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуын тежейтін ең қауіпті індеттердің бірі. Мемлекет оған қарсы қатаң қылмыстық жаза қолданады: айыппұлдар еселеніп есептеледі, ал мемлекеттік қызметке жол өмір бойына жабылады. Мұндай әрекеттердің салдары тек сотталушының өзіне ғана емес, сонымен бірге оның отбасы мен жақындарына, тіпті болашақ ұрпағына да ауыр зардап тигізуі мүмкін.

Қала прокуратурасы барлық тұрғындарды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болуға, заңды құрметтеуге және тек адал еңбекпен табысқа жетуге шақырады.
04 қыркүйек 2025 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930