» » Түнгі рейд – тәртіп сақтаудың тиімді кепілі

Түнгі рейд – тәртіп сақтаудың тиімді кепілі


Түн – сынақтың уақыты. Өйткені дәл осы мезетте тыныштық бұзылып, тәртіпсіздік белең алуы мүмкін. Дәл осы мезетте тыныштықты күзеткен сақшылар рейдке шығады. Қарапайым халық бейқам ұйқыға кетсе, олардың мойнында жауапкершілік жүгі бар.
Иә, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруін болдырмау мақсатында аудан көлемінде түнгі рейдтік іс-шаралар өтуде.
Осыған орайсейсенбіде ауданның әкімдігі, аудандық прокуратура, полиция, білім бөлімі заң мен тәртіп аясында бірлескен жасөспірімдер арасында жиі орын алатын құқықбұзушылықты болдырмауда түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастыруда.
Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының қатысуымен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Рейд барысында саябақ, дүкен, компьютерлік клуб, аллеялар және басқа да жастар көп шоғырланатын орындара кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірмелер жүргізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
Айта кетейік, рейдтер кезінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстап, күл-қоқыстар тастамау жөнінде де ескертулер жасалды.
Осындай іс-шаралар ел ішінде қауіпсіздіктің артқанының, заңның үстемдік құрғанының айғағы. Түнгі рейд – әрбір тұрғынның тыныш ұйықтап, ертеңіне аман-есен жетуіне жасалған қамқор қадам.
«ҚТ» ақпарат
23 тамыз 2025 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 644
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031