» » Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді


Аудандық білім бөлімі және аудандық полиция бөлімімен бірге түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Жосалы кентіндегі халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Әсіресе, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстардың маңызы зор. Өйткені, мәселемен күрескеннен алдын алған абзалырақ екені белгілі. Бала тәрбиесінде, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұғалімдер ғана емес, ең алдымен ата-ана жауапты. Сондықтан әрбір ата-ана жауапкершіліктен жалтармай, балаларының тәртібін қадағалап, үнемі бақылауда ұстауы және төмендегі ескертпені назарға алуы керек.

ЕСКЕРТПЕ: Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

18 шілде 2024 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930