Мәслихаттар сайлауы
» » "Ашық есік күні"

"Ашық есік күні"

Жыл сайын халықаралық жастар күні тамыздың 12-і күні атап өтіледі. Оның негізгі мақсаты: жастардың қоғамдағы орнының зор екенін, олардың денсаулығы алдыңғы орында екендігін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды, осы бейбітшілікті жалғастыруда және елімізді көркейтуге қосатын үлестері де басым екендігін тағы да естеріне салу және отансүйгіштікке жігерлендіру.

Қазіргі Қазақстанның жастары өте ерекше. Олар мемлекетіміздің саяси және экономикалық өзгеру дәуірінде дүниеге келіп, мемлекетімізбен бірге дамып келеді. Өмірге деген көзқарастары да заманауи және ерекше.

Болашақтың егесі осы жастарымыздың денсаулығының зор болып, дамуында кемшіліктер болмауы үшін, түрлі ауруларға қарсы тұрар иммунитетін қалыптастыруда медицинаның рөлі зор.

4 тамызда Қармақшы аудандық емханасында ұйымдастырылған "Ашық есік күнінде" ауданымыздың бір топ жастары медициналық-профилактикалық тексерулерден өтті. Сондай-ақ, Жастар денсаулығы орталығына келіп, салауатты өмір салтын нығайтуда көптеген маңызды ақпараттармен толығып, отбасын жоспарлауда психологтың жеке кеңесіне жүгінді.

Әрбір жас қоғамның белді мүшесі.
Болашақ жастардың қолында!
Жастар күні құтты болсын!

05 тамыз 2025 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 466

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30